Жарияланған күні: 12.08.2016 16:56
Өзгертілген күні: 12.08.2016 17:01

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер  департаментінің Райымбек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс өткізу  туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

      С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

   4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;          

   5) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3\              C-R-4

73 288

99 105

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Райымбек  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасы, 041400, Алматы  облысы, Райымбек  ауданы, Кеген селосы,  Бауыржан Момышұлы көшесі , 19, анықтама телефоны: (8-72777) 2-22-84, факс 8-727-77-2-25-11 , электрондық мекен-жайы: R.Ashirbaeva@kgd.gov.kz Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

 Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Райымбек  ауданы  бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы

1.«Заңды  тұлғаларды әкімшілендіру»  бөлімінің  бас  маманы ( 2 бірлік )  C-R-4  санаты  №03-2-2,№03-2-3 

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару.Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау.Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру.Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                           Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Есептеу, талдау  және  ақпараттық  технологиялар  бөлімінің  бас  маманы, С-R-4 санаты, 1  бірлік №04-2-1 (уақытша, негізгі  қызметкердің  бала  күту  демалысы  мерзіміне 22.06.2018 жылға  дейін) 

Қызметтік міндеттері: Жеке шоттардың есебін жүргізу және беру, есепке алу және  артық төленген сомаларды қайтару. Мемлекеттік қызметтерді көрсету:  - салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру, дербес шоттан көшірме жазбалар беру; -салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару. Жеке шоттардың есебін жүргізу және беру;  Бюджетке төленетін салық және төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түсімдеріне, берешек және артық төленген сомалары бойынша есептіліктер қалыптастырып талдау жүргізеді. Салыстырып тексеру актілерін қалыптастырады. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар  түсімдеріне бақылау жүргізу.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық,техникалық білім.    

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                           Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.2016 жыдың тамыздың 12-нен 16-ын қоса есептегенде.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға  мына мекен жайы бойынша: индекс 041400, Алматы  облысы, Райымбек  ауданы, Кеген  селосы, Б. Момышұлы көшесі,19, анықтама телефоны: (8-72777) 2-22-84, факс 2-12-28, электрондық мекен-жайы: R.Ashirbaeva@kgd.gov.kz, Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz 

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын Raimbek @taxalmaty.mgd.kz, Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz адреске ұсына алады.

Іріктеуге қатысу үшін:

а) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

  

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.