Жарияланған күні: 11.06.2019 15:38
Өзгертілген күні: 11.06.2019 15:38

Кеген ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы                                   «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс  жариялайды.

(12.06.2019ж.-14.06.2019ж. қоса есептегенде)

БСН 180840003632, 041400, Алматы  облысы, Кеген  ауданы, Кеген  селосы,  Бауыржан Момышұлы көшесі, 19, анықтама телефоны: (8-72777) 2-22-84, факс 2-25-11, электрондық мекен- жайы: Kegen@taxalmaty.mgd.kz,Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

        Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

        Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Басқарушы  лауазымдарына  үміттенген кандидаттар  конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар  тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу  уақыты  45 минуттан аспау керек.

 Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

         Әңгiмелесу өтетін орын: Алматы  облысы, Кеген  ауданы, Кеген селосы, Б. Момышұлы  көшесі, 19 үй

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 

С-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір  жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі  жылдан кем емес

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

        5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

         6) ғылыми дәрежесінің болуы

мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 

1.Құқықтық ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің  басшысы, (1 бірлік) С-R-3 санаты, индекс №04-1, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты  96 607  теңгеден 129 920 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.                

Қызметтік  міндеттері: Басқарманың заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру; Кадрлар жұмысын  толығымен қадағалап, барлық  есептерін жүргізіп отыру; мемлекеттік қызметкерлердің жеке іс қағаздарын рәсімдеу; мемлекеттік қызметкерлердің аттестациядан өткізілуі туралы; Қызметкерлерге еңбек ақысын төлеу үшін олардың еңбек өтілін есептеу және есептеу қорытындысы бойынша хаттама толтыру; «Е-минфин» бағдарламасына уақтылы бұйрықтарды енгізу; Бос орын бойынша конкурс құжаттарын дайындау және конкурс өткізу құжаттарын рәсімдеу; Басқарма  бойынша шығарылатын бұйрықтарды дайындау; Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

         C-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

         Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

  мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2. Есептеу, талдау  және ақпараттық  технологиялар бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, (03-2-1) 1бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты  73 288  теңгеден 99 106 теңгеге дейін.

Білімі: жоғары экономикалық және құқықтық, техникалық ғылым және технологиялар (ақпараттық жүйелер), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.   

Функционалдық міндеттері:  Тұтастандырылған салықтың ақпараттық жүйесі, Салық есептілігін өңдеу жүйесі, біріңғай мәліметтерді сақтау қоры хабарламаларды шығару тәртібі бағдарламасы, орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттарының ақпараттық жүйесі бағдарламаларын орнату, олардың жұмыс  жасауын қамтамсыз ету. Word.Excel. Internet бағдарламаларымен жұмыс жасау.
Басқарманың ақпараттық  қауіпсіздік  қызметі барлық мәліметтердің резервтік  көшірмесін дер кезінде алу және жергілікті есептеу желісі серверлерін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын  бақылау жасайды.
Басқарма қызметкерлерінің мәліметтерге, бағдарламалар мен функцияларға қол жеткізу  құқықтарын басқару ісіне жауапты.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс түсуін бақылауға алуды қамтамасыз ету.Салық төлеушілердің жеке  шоттарына түскен салық төлемдерінің дұрыстығын төлем құжатының түбіртегімен салыстырып отыру.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары салығының түсімдеріне селолық округтер бойынша есеп жүргізу.Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін жүзеге асырады.
Ақпараттық кауіпсіздік  процедураларын сақтауға, соның ішінде қастандық  бағдарламалар ендіру және ақпараттар алу әрекеттерінен қорғауға кепілдік беру үшін мезгіл талдау жүргізу ісіне  жауапты.
Компьютер  құралдарының  сақталуына, дұрыс жұмыс істеуіне жауапты.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.
Компьютерде жұмыс істей білу.Ақпараттық қауіпсіздік  процедураларын сақтауға, соның ішінде бағдарламалар ендіру және ақпараттар алу әрекеттерінен қорғауға кепілдік беру үшін мезгіл талдау жүргізу ісіне  жауапты.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымшасы 

 

 
____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

                                                                                                                                  ____________________________________
                                                                                             (мемлекеттік орган)

 

 

 

 

Өтініш

 

 

Мені________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
     Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

_________________                       ____________________________________
 қолы                                                                                 (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.