Жарияланған күні: 11.08.2016 18:29
Өзгертілген күні: 11.08.2016 18:47

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мемелекеттік кірістер депаратаментінің Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

      С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

   4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;         

   5) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

              Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3\              C-R-4

73 288

99 105

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қапшағай қаласы бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасы БСН 940340000273, 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй,  анықтама телефоны: (8-72772) 4-18-54, факс 4-12-05, электрондық мекен-жайы: b.abdraimova@kgd.gov.kz

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі  қызметкердің  бала  күту  демалысы  мерзіміне 02.04.2017 жылға  дейін) С-R-4  санаты, №04-2-3

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардан бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық және уақытылы енгізілуін, болжамның орындалуын бақылау. Ауданның жеке тұлға-салық төлеушілері  бойынша жер, мүлік, көлік салықтарының толық және уақытылы түсуін бақылау, олардың түсу динамикасын қадағалау.

 Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

         Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                           Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар  бөлімінің  бас  маманы-программмист ( 1 бірлік )  C-R-4  санаты  № 05-2-1

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйенің дұрыс,  үздіксіз және сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйенің тоқтау қатерін минимумға келтіру. Ақпараттық тасмалдаушыларды қадағалау және оларды сыртқы күштерден бұзылуынан сақтандыруды қамтамасыз ету. Ақпараттық қордың қауіпсіздігін сақтауда пайдаланушыларға жобалық шектеу енгізу. Жаңа пайдаланушыларды енгізу. Пайдаланушы дәрежесінің өзгеруіне байланысты ақпараттық қорды пайдалану рұқсаты және шектеуін қадағалау. Қор деректеріне профилактикалық қызмет көрсету. Электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізу Электронды пошта, желілер әкімшілігін жүргізу, вирусқа қарсы бағдарламаны білу, деректер қорымен жұмыс жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, техникалық білім.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                           Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1.  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыдағы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

          Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040800, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй.

 

Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде, 2016 жылғы тамыздың 11-нен 2016 жылғы тамыздың 19-ін қоса есептегенде тапсырылуы керек.

                      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мақат ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасына тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілігілін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.  Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған Басқарманың қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

      Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

  

Үміткерлермен әңгімелесу «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ ғимаратында, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй мекенжайында өтеді.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

                                                                                                                         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша

 

Фотосурет орны
(4х6)

 

 

 

 

 

                               САУАЛНАМА
 

(Өз қолымен толтырылады)

      1. Тегі____________________________________________________________________
      Аты _____________________________________________________________________
      Әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________________________
      2. Азаматтығы_____________________________________________________________
      Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз__________________________________________
      3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________________________
      4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________________________
      Болған елiңiз _____________________________________________________________
      Болған уақытыңыз _________________________________________________________
      Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ________________________________________
      5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе
шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________
      6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн ___________________________________________
      7. Сіз мынадай:
      1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
      2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды
атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,
бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және
ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,
немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба ____________________________.
      8. Тілдерді білуі: __________________________________________________________
      9. Мекенжайы және байланыс телефоны ______________________________________
                 

_____________                                                              «___»_____________ 20___ ж.
                (жеке қолы)                                                                         (толтыру күні)