Жарияланған күні: 14.06.2019 10:05
Өзгертілген күні: 14.06.2019 10:05

Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы             «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

(14.06.2019ж.-18.06.2019ж. қоса есептегенде)

Индекс 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй, анықтама телефоны: (8-72772) 4-18-54, факс 4-12-05, электрондық мекен жайы: Mzholymbetov@taxalmaty.mgd.kz, ma.zholymbetov@kgd.gov.kz

 

         Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Әңгімелесу өтетін орны: Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:  Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.        Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

1. Құқықтық - ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы (1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің 2021 жылғы 27-ші қыркүйекке дейін бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты  96 607 теңгеден 129 920теңгеге дейін, С-R-3 санаты (№08 - 1), 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, экономикалық, құқықтық білім.  

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары  оқу  орындарынан  кейінгі  білім  бағдарламалары  бойынша  Қазақстан Республикасының  Президенті  жанындағы  білім беру  ұйымдарында  немесе  шетелдің  жоғары  оқу  орындарында  Республикалық  комиссия  бекітетін  басым  мамандықтар  бойынша  оқуды  аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 Атқаратын міндеттері: Бөлімнің жұмысын басқарады және бөлімге тапсырылған міндеттердің орындалуына жауап береді. Қызметкерлерге ыпсырылған міндеттерді уақытында және сапалы орындалуына тиісті орындаушылық – әдістемілік шаралар өткізеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және оны басқарманың басшысына бекітуге ұсынады, оладың оррындалуын қадағалайды. Бөлім қызметкерлерінің ункционалдық міндет шеңберің айқындайды. ҚР «мемлеккеттік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары, Қызметтік этика сақтау тәртібі туралы ережесі,ебек және әкімшілік құқық бұзүшылық туралы кодекстері бойынша соңғы өзгерістерді басқарма қызметкерлернің назарына жеткізеді. Оюл МКД-не тапсырылатын қажетті есептің орындалуын қамтамасыз ету бойынша қол астындағы қызметкерлеріне бақылау жүргізеді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары өзгерістер және қосымшалар бойынша бөлімде түсіндіру жұмысын жүргізу. Бөлімдегі еңбек және орындаушылық тәртіпке бақылау жүргізеді. Өзінің қызметтік міндеттерің орындау үшің лауазымды тұлғалардан құжаттарды, анықтамаларды,есептерді алуға құқығы бар. Бөлімге жүктелген тапсырмаларды орындағанда алынған ақпараттарды және мәлісеттердің құпиялығын көпшілікке таратпай сақталуын қамтамасыз ету.Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібіне қадағалау жүргізеді. Бұқаралық ақпараттарға бастыратын мақалаларды, техникалық сабақтың, дөңгелек столдың, семинарлық кеңестің және салық төлеушілермен кездесулерді бекітелген кесте бойынша өткізілгенің бақылайды, шара қолданып, мәлімет береді, сонымен қатар хаттамларын уақытылы жүргізеді.            

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

 

________                                              ___________________________________
  (қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж