Жарияланған күні: 11.06.2019 15:48
Өзгертілген күні: 11.06.2019 15:48

Еңбекшіқазақ  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

(12.06.2019ж.-20.06.2019ж. қоса есептегенде)

БСН: 020740001757, индекс: /040400/, Алматы  облысы, Еңбекшіқазақ  ауданы, Есік  қаласы,  Алтын  Адам аллеясы №155, анықтама телефоны: (8-72775) 7-55-95, факс 7-50-51, электрондық мекен-жайы: Makendzhanova@taxalmaty.mgd.kz, m.akendzhanova@kgd.gov.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы  конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:    

1)  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға  үміткерлерді  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі мен заңнамаларын  білуге  арналған  тестілеу  бағдарламалары

Екінші бағдарлама:  В-5, В-6, С-4, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6,  C-R-2,           C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3,  E-G-1, E-G-2 санаттарына  арналған  және  келесіні  қамтиды:

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілін  білуге  арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының  Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының  Президенті  туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының  конституциялық заңы, «қазақстан Республикасының  мемлекеттік  қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару  туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының  заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық  нормативтік  құқықтық актілер бойынша  сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік  құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші  бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт                105 минутті  құрайды.

C-R-4  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдары  санаттарына  келесідей  үлгілік  біліктілік  талаптары  белгіленеді:

Жоғары  немес  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім, мемлекеттік  қызмет өтілі  бір жылдан кем емес  немесе  осы  санаттағы  нақты  лауазымның  функциональдық  бағытына  сәйкес  салаларда  екі жылдан  кем емес  жұмыс  өтілі  бар болған  жағдайды  орта  білімнен  кейінгі  немесе техникалық  және  кәсіптік  білімі  барларға  рүқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің  бар болуы: стресске  орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті  тұтынушыға  және оны  хабарландыруға  бағдарлану, жеделділік,  ынтымақтастық  және  әрекеттестік, қызметті  басқару, шешім  қабылдау,  көшбасшылық.

Жоғары білім болған  жағдайда  жұмыс  тәжірибесі  талап  етілмейді.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік  қаласы, Алтын Адам аллеясы №155.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:  Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.  

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

1. «Жеке кәсіпкерлердің және заңды  тұлғалардың  ақпараттарын  қабылдау  және  өңдеу  орталығы»  бөлімінің  бас  маманы ( уақытша, негізгі  қызметкердің  бала  күту  демалысы  мерзіміне  08.07.2021 жылға  дейін), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 106 теңгеге дейін, С-R-4 санаты, индекс: /03-2-4/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары  немесе  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім: Экономикалық, құқықтық және техникалық (ақпараттық жүйелер).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.   

Жоғары білім болған  жағдайда  жұмыс  тәжірибесі  талап  етілмейді.                                                                                    

Функционалдық  міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ЖШЕА АЖ (ИС ЦУЛС), СЕОЖ АЖ (ИС СОНО), БДҚ ХТ (ЕХД РВУ), ЭҚБЖ (ЕСЭДО) және МО ИП (ИПГО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару. Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру. Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

 

________                                              ___________________________________
  (қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж