Жарияланған күні: 22.06.2017 12:44
Өзгертілген күні: 22.06.2017 12:46

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кеденінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды(23.06.2017-27.06.2017 қоса есептегенде)

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурс өтетін мекен-жайы: 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., ku.segizbaeva@kgd.gov.kz БСН: 990840000667.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға
бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-
6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда
немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты
мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық
маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі
бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі
құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының
тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының
немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу
орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша
оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

  1. Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ПЖБ-04-3, 1-бірлік тұрақты. 

Лауазымдық міндеттері: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Бөлім басшысының тапсырмаларын қарау; Кеденнің және құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қызметтік тергеулерді және тексерулерді жүргізу; Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

           

 

            Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:

            Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе білім саласында.  

  1. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ҰБ-07-2, 1-бірлік тұрақты.

          Лауазымдық міндеттері: Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінің тіл туралы заңнама, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері, Комитеттің, Кеденнің мемлекеттің тіл саясатын регламенттейтін бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулары нормаларының және ережелерінің сақталуын бақылау, Кеденнің басшылығы қол қоятын мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттары жобаларының мемлекеттегі тілдегі мәтіндерін редакциялаудан өткізуді қамтамасыз ету; Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау; Пресс-конференциялар, брифингтер, ақпараттық хабар пресс – релиздер өткізуді ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау; Кеденнің құрылымдық бөлімшелеріне  өз қызметі бойынша БАҚ-қа материалдар дайындауға ықпал ете отырып практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденнің қоғамдық консультативтік кеңестерін және дөңгелек үстелдерін БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру; БАҚ бойынша мониторинг жүргізу; сыни мақалаларға жедел жауап беру; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының уақытылы және сапалы  орындалуын бақылау және  таратуды жүзеге асыру.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, олардың уақытылы орындалуын бақылау; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне ұсыну үшін 1-ТӨ тоқсан сайынғы статистикалық есепті қалыптастыру және шығарып салуды сүйемелдеу;  бөлімнің істер тізімдемесіндегі құжаттардың ішкі тізімдемесін жасап мұрағатқа өткізуге дайындау; мұрағаттағы құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу; сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акті жасау; Жасалатын операциялардың (активтер мен қорларды есепке алу, жеткізушілер мен мердігерлермен есептеулерді есепке алу) үздіксіз құжаттамалық негіздемесін көрсету жолымен қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Материалдық құндылықтардың, құндылығы аз инвентарлардың есебін жүргізу; Жылдық және тоқсандық декларацияларды жасау және тапсыру, активтердің есебін жүргізу; Мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарының кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді тексеру және талдау; Баға ұсынымдарына сұрау салу және бір көзден өткізу материалдарын дайындау, шарт (келісім-шарттар) жобаларын дайындау.                     

            Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:

            Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдар, математика, информатика немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында. 

  1.  «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТКБ-17-28, 1-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:

            Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.