Жарияланған күні: 19.04.2018 09:33
Өзгертілген күні: 19.04.2018 09:35

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды (20.04.2018-24.04.2018 қоса есептегенде)

 

Индекс 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., a.nazarbaeva@kgd.gov.kz., БСН: 990840000667

Құжаттарды қабылдау мерзімі:3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді.

    Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мелмелкеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде, келесі мекен жайда  өтеді: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, 2-қабат, мәжіліс залы.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушығабағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарданемесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшіліклауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатымәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалықмаңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатыныңдепутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

  1. Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс             № ПЖБ-04-2, 1-бірлік уақытша, (2020 жылдың 17 желтоқсанына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)

Лауазымдық міндеттері: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кадр құрамы бойынша ic-қағаздарын жүргізу (аударма жұмыстары), Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Бөлім басшысының тапсырмаларын қарау; Кеденнің және құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қызметтік тергеулерді және тексерулерді жүргізу; Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:        Білімі жоғары: экономика және құқық немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе білім саласында.

  1. Кедендік рәсімдер бақылау және декларациялау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс №КРБжДБ-08-3, 1 бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: Тауарларды кедендік тазарту мен декларациялауға байланысты кедендік операцияларды ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасау; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы  аясында тауарларды орналастыру шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; кеден одағының  тауары мәртебесін иеленбейтін тауарларды орналастыру кезінде, кедендік процедуралардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу, егер кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден  құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; интелектуалды меншік нысанының құқығын қорғауға қатысты шараларды қолдану; КҚ СЭҚ ТН-ға қатысты тауардың сыныптамасына қарай, тауардың шығу мемлекеті мен кедендік құнының дұрыс анықталғанына кедендік бақылау жүргізу; тарифтік рұқсаттылықтарды ұсыну мен тарифтік реттеу шараларын қолдану; кедендік төлем мен салықтардың төленгендігін бақылау, олардың дұрыс есептелгендігін тексеру және олардың толыққанды мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу; кеден бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу;  кедендік процедура иелігінде орналасқан тауарлардың нақты әкетілімін бақылау, (экспорт, реэкспорт және т.б) тауауарларының әкетілімін ескеру; темір жолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша есеп беруді жүргізу; тауарлар мен көлік құралдарына кедендік қарау мен тексеріс жүргізу, кедендік қарау мен тексерудің нәтижелерін рәсімдеу; қажет болған жағдайда тауарды өлшеуге ұсыныс беру, оған тікелей қатысу және бақылау нәтижелерін тіркеу; кеден одағының кедендік аймағына тауарлар мен көлік құралдарының келгендігі және шыққандығы туралы хабарлама алу, сәйкес кедендік бақылауды жүзеге асыру;  тауарлар мен құжаттарды кідірту бойынша оларға сәйкес хаттама ресімдеу арқылы шешім қабылдау;  кеден бақылау нысаны бойынша теміржол өткізу пунктіндегі мұнай өнімдерін тиейтін орында кедендік бақылау жүргізу, кеден одағының кедендік заңдарымен және ҚР нормативті құқықтық актілерімен сәйкес құралдарды сәйкестендіруді бақылау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары: экономика және құқық. 

  1. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № КБТҚ-11-2, 1-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы  сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоктивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді; бөлімге түскен іс құжаттарына талдау, өндеу және ұйымдастыру жұмыстарын сондай-ақ, іс-жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; бөлінетін және радиоактивті материалдарды заңсыз өткізудің анықталған деректері бойынша кеден ережесінің бұзылғаны туралы іс жүргізу, кеден саласындағы контрабанда және басқа да қылмыстар бойынша іс жүргізуге қатысу, анықтау жүргізуге көмек көрсетеді; «Достық» кедені орналасқан жерде радиациялық апат болған кезде көлік ұйымдары өкілдерімен, ҚР ТЖМ, ҚР ДСМ, ҚР АЭМ, ҚР ІІМ өкілдерімен бірлесе отырып, апат орнындағы радиациалық жағдайға бақылау жасайды. Қызметкерлердің жеке сәулелену мөлшерін анықтайды, радиациялық апатты тексереді, оның салдарын жою жұмысын ұйымдастырады; басқа құқық қорғау ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік шекарадан бөлінетін және радиоктивтік материалдардын заңсыз өткізілуін болдырмауын алдын-алуға қатысты шараларға  қатысады; тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кеден ережелерін бұзылуын анықтау, ашу және тіркеу мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану үшін іс-шаралар жүзеге асырады.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары:  экономика,  құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

  1. «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс                           № ТКБ-15-33, 1-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.    

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары - экономика және  құқық, ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.

 

  1. «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс                   № ТКБ-15-27, № ТКБ-15-34, 2-бірлік уақытша, (2019 жылдың 25 қазанына дейін және 2021 жылдың 6 ақпанына дейін, негізгі қызметкерлердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде)

Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.    

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – экономика және  құқық, ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары. 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
_____________________

_____________________
(мемлекеттік орган)   

                                                          Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

___________                               ______________________________
  қолы                                                                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.