Жарияланған күні: 12.08.2016 17:08
Өзгертілген күні: 12.08.2016 17:10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: e.nugmanova@kgd.gov.kz.   g.beisekbay@kgd.gov.kz 

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың 12-тамызынан 2016 жылдың 16-тамызын қоса есептегенде қабылданады.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

          Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

 

1. Адам ресурстары басқармасы  Қызметтік тергеу  бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, № АРБ 2-2-2

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс департаменті, аумақтық Мемлекеттік кіріс  басқармаларының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағымдар мен өтініштерді қарау. Салық төлеушілер мен азаматтардан түскен хаттар, арыздар мен өтініштер, сондай-ақ сенім телефоны, шағымдардың электронды кітабы бойынша Мемлекеттік кіріс  департаменті мен аумақтық Мемлекеттік кіріс  басқармалары қызметкерлерінің әрекетін (әрекетсіздік) ҚР заңдылықтары талаптарына сәйкес тексерулер мен қызметтік тексерулерге қатысу,  (әрекетсіздік) шағымдар мен өтініштерді карау. Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім

2. Мемлекеттік қызмет көрсетулер  басқармасының Өндірістік емес төлемдер бөлімінің  бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 2019 жылдың 12 –наурызына дейін), С-О-5 санаты, МҚКБ  3-2-2

Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау,әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысады; өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып біледі;өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып біледі; аумақтық басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалайды;өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдерді жинау әдістері жөнінде түсініктеме, кеңес хаттарын және нұсқамалар дайындайды;облыстың аумақтық салық комитеттеріне әдістік және іс жүзінде көмек көрсетеді;Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

3.Кедендік бақылау басқармасының Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінін бас маманы, С-О-5 санаты, КББ 2-2-3

Қызметтік міндеттері: Еркін қойма кеден рәсімін шектеу және аяқтау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторингті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттық бақылау мен тарифсіз реттеу шараларын қолданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады және бөлімнің бағыты бойынша есепті Комитетке беру үшін қалыптастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заңнамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга қатысты шектеулер мен тиымдарды өз құзыреті шегінде, кеден рәсіміне тауарларды орналастыру мен олардың әрекеттерін аяқтау бойынша шарттардың, тауарлар орналастырылғанда кеден одағының статусын алмайтын кеден рәсімінің шарттарын сакталуын кедендік бақылайды және ұйымдастырады, соның ішінде ақпараттық технологияны қолдана отырып; тауарларға кедендік бақылау бойынша белгіленген тәртіпте нормативті-құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиті кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мәліметтерді енгізудің мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656 сәйкес, ӨТСК мен баска да орындарға келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технология.

4.«Талдықорған» кеден бекетінің  бас  маманы, C-О-5 санаты, №Талдықорған КБ-3-2-1

Функционалдық міндеттер: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді. Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты мәселелерді қарайды. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және болдырмау шараларын жүргізеді. Кеден бекеттің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша анықтама береді. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит),техникалық ғылым және технологиялар (көлік, көлік техникасы және технология)

5.Заң басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің сотта тағылымдамадан өту уақытына 2017 жылдың 20 маусымына дейін ) С-О-5 санаты, №ЗБ 1-2-5

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс  департаменті  мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім