Жарияланған күні: 07.11.2016 18:51
Өзгертілген күні: 07.11.2016 18:58

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс

жариялайды (08.11.2016-10.11.2016 қоса есептегенде)

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі,113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz  g.beisekbay@kgd.gov.kz
   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде  қабылданады.

 

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

            Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113 үй.

 

                    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3\         C-R-1

164066

192382

 

  1. Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, C-R-1 санаты.

Қызметтік міндеттері: Ұжым жұмысын ұйымдастыру, қол астындағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, азаматтарды қабылдау жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы. Салық заңдылықтарын түсіндіру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне бақылау жасау. Белгіленген тәртіппен оперативті-бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікке бақылау жасау. Қолданыс тәртібіне сәйкес, салық комитетінің мүлкі пен ақша қаражатын басқару, олардың есебін жүргізуге бақылау жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары білім: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар. Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болғаны жөн.