Жарияланған күні: 17.05.2016 12:09
Өзгертілген күні: 17.05.2016 12:19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: e.nugmanova@kgd.gov.kz.   g.beisekbay@kgd.gov.kz

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.

С-О-3 санаты үшін:жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес*; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

C-R-2 санаты үшін: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123257

166564

C-О-5

83 282

112 431

С-R-2

127 422

172 394

  1. Заң басқармасының басшысы, С-О-3 санаты, №ЗБ  1

Қызметтік міндеттері: Басқармада тапсырмалардың орындалу тәртібіне бақылау жасау, Мемлекеттік кіріс департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады.  Салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетулер  басқармасының басшысы, С-О-3 санаты, №МҚКБ   1

Қызметтік міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

3.Талдау және тәуекелдер басқармасының тәуекелдер бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты,  №ТжТБ 1-2-2

Қызметтік міндеттері: Тапсырмалардың орындалу тәртібін бақылау және ұйымдастыру, кіріс түрлері бойынша бюджетке түсетін мемлекеттік кірістің ағымдағы және болашақтағы  түсу болжамын дайындау, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу. Салықтар мен төлемдерді болжау бойынша жұмыстарға қатысу және үйлестіру. Жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

4. Борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы,  С-О-5 санаты, № БЖБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Аумақтық мемлекеттік кіріс  басқармаларының   мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің қолдануына және салық берешегін,   МЗЖ және МӘСҚ-на МӘА бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын толық және уақытысында қолдануына бақылау жасау. ҚР ҚМ МКК және басқа мемлекеттік органдарға жолданатын мәлметтерді және есептерді дайындау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің өтініштерін қарау. Салық заңдылықтарын және басқа да, ҚР заңдылықтарын жақсарту бойынша өзгерту немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар беру. Аумақтық  басқармаларда тақырыптық тексеру жүргізу; тәжірибиелік көмек көрсету үшін,анықталған жерге шығу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

5. Аудит басқармасының салық аудитін электронды бақылау (САЭБ) бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 12.08.2017 ж. дейін),С-О-5 санаты, №АБ 5-2-1

Қызметтік міндеттері: Салық заңдылықтары ережелерін дұрыс қолдануды түсіндіру бойынша жұмыс.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу.  Бөлімнің экономикалық -бақылау жұмысын талдау, аумақтық салық комитеттерінің жұмысына рейтингтік баға беру, ақпараттарды жинақтау, баяндама, хаттарға шолу жасау.2Н-есептілігін қабылдау, салықтық тексерулердің сапасын бақылау, кезектен тыс  салықтық тексерулердің қорытындысын талдау. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.

Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

6. Аудит басқармасының пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, № АБ 6-2-1

Қызметтік міндеттері: Кедендік тексерулер жүргізу. Кіргізілген, шығарылған товарды тексеру.  Құжаттық, рейдтік, хронометраждық тексерулер.  Ақпараттарды жинақтау, баяндама, хаттарға шолу жасау.2Н-есептілігін қабылдау, салықтық тексерулердің сапасын бақылау, кезектен тыс  салықтық тексерулердің қорытындысын талдау. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.                                                                                                    Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

7. «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы (2 бірлік) , C-О-5 санаты,№Алтынкөл КБ- 3-2-6, №Алтынкөл КБ 3-2-7

Қызметтік міндеттері:Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылым және технологиялар (көлік, көлік техникасы және технология).

8.  Кедендік бақылау басқармасының Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінін бас маманы, С-О-5 санаты, КББ 2-2-2

Қызметтік міндеттері: Еркін койма кеден рэсімін шектеу және аяктау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторишті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттык бакылау мен тарифсіз реттеу шараларып колданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады жэне бөлімнің бағыты бойыиша есспті Комитетке беру үшін калыитастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заннамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга катысты шектеулер мен тиымдарды өз күзыреті шегінде, кеден рэсіміне тауарларды орналастыру мен олардың эрекеттерін аяктау бойынша шарттардыц, тауарлар орналастырылғанда кеден одагының статусын алмайтын кеден рэсімінің шарттарын сакталуын кедендік бакылайды жэне үйымдастырады, соның ішіиде акпараттык технологияны колдана отырып; тауарларға кедендік бакылау бойынша белгіленген тэртіпте нормативті-күкыктык актілсрді дайындау бойынша үсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиты кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мэліметтерді енгізудіц мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656. сэйкес, ӨТСК мен баска да орындарга келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органыныц кызметін үйлестіреді жэне үйымдастырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технология.

9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті  Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басшысының  орынбасары, С-R-2 санаты,  1 бірлік,  №02-1

Қызметтік міндеттері: Ұжым жұмысын ұйымдастыру, қол астындағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, азаматтарды қабылдау жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы. Салық заңдылықтарын түсіндіру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне бақылау жасау.Белгіленген тәртіппен оперативті-бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікке бақылау жасау. Қолданыс тәртібіне сәйкес, Мемлекетттік кірістер басқармасының мүлкі пен ақша қаражатын басқару, олардың есебін жүргізуге бақылау жасау.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім

Құжаттарды қабылдау 5 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың мамыр айының 17-нен бастап мамыр айының 23-ін қоса алғанда қабылданады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________
(мемлекеттік орган)  

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                                             _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.