Жарияланған күні: 16.06.2016 17:24
Өзгертілген күні: 16.06.2016 17:29

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: Enugmanova@taxalmaty.mgd.kz, Gbeisekbai@taxalmaty.mgd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы  конкурс жариялайды:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, 2016 жылдың 16 маусымынан 2016 жылдың 29 маусымын қоса есептегенде қабылданады

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жұмыс тәжірибесі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

     С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

          Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113 үй.

            Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

1. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы  (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 29.12.2018 ж дейін),  С-О-5 санаты, № ҰҚБ 1 -2-2

Қызметтік міндеттері:  Бухгалтерлік және шаруашылық операцияларын уақытыл  бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіп, бухгалтерлік есепті құрастырып, мәлімет,жедел ақпараттарды құрастыру, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мен дұрыстығына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулер есебінде бекітілген шығыс бойынша мақсатты пайдалануға, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарға, кеңсе тауарларына, бланк өнімдеріне бақылау жасау.  Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарының міндеттемелері мен төлемдерінің есеп-қисап беру кезеңіне сай бюджет қаржысының шығысының орындалуын қадағалау.  Мемлекеттік сатып алынатын тауарлар,жұмыс және қызметтің көлемі мен номенклатурасын қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіріп, талдап, болжауды жүзеге асыру. Тауарды жеткізуге, жұмыс пен қызмет көрсетуге  кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарт жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің  бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 17.06.2018 ж дейін),  С-О-5 санаты №МҚКБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері:  Тексеру актілерінің ескертпелері  бойынша салық төлеушілердің шағымын қарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.  Техникалық сабақтың жоспары мен көпшілік-түсіндірме жұмысы бойынша есептілік дайындау.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.Салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық салық салу мәселелері бойынша ҚР ҚМСК-нің жүргізетін салықтық тексерулеріне қатысу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу.Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

    Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282  теңгеден 112431 теңгеге дейін

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

3. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы,  C-О-5 санаты, ЖСӘБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Есеп – бақылау маркаларын, акциздік маркалар,  жекелеген түрлеріне  ілеспе жүкқұжаттарын  дұрыс пайдалану мен қозғалысын бақылау.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу.Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды.  Облыс көлеміндегі Мұнай өнімдерінің өндірілуіне, айналымына және әкелінуіне бақылау жасайды.Мұнай және акцизделетін өнімдердің өндірілуіне, айналымына бақылау жасайды. Этил спирті мен алкогольді өнімдерінің өндірілуіне байланысты лицензиялар беруді қадағалайды. Акцизделетін мұнай өнімдерінің  заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

            Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.