Жарияланған күні: 07.07.2016 13:00
Өзгертілген күні: 07.07.2016 13:05

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі,113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: e.nugmanova@kgd.gov.kz. g.beisekbay@kgd.gov.kz

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың 07 шілдесінен бастап 2016 жылдың 11 шілдесін қоса есептегенде қабылданады

С-О-5 санаты үшін:жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

 

                    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

       C-О-5

83282

112431

 

1.Заң басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 28.12.2017 ж. дейін ) С-О-5 санаты, №ЗБ 1-2-2

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс  департаменті  мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім

 

2. Заң басқармасының бас маманы, 2 бірлік, С-О-5 санаты, №ЗБ 1-2-3, ЗБ 1-2-4

         Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс  департаменті  мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім

 

3.Талдау және тәуекелдер басқармасы Мемлекеттік кірістерді талдау  бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, №ТжТБ 2-2-1

Қызметтік міндеттері: Тапсырмалардың орындалу тәртібін бақылау және ұйымдастыру, кіріс түрлері бойынша бюджетке түсетін мемлекеттік кірістің ағымдағы және болашақтағы  түсу болжамын дайындау, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу. Салықтар мен төлемдерді болжау бойынша жұмыстарға қатысу және үйлестіру. Жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Экономикалық және  құқықтық жоғары білім

 

4.Камералдық бақылау басқармасының № 2 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, №КББ 2-2-1

Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық  басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма  құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары экономикалық, құқықтық, кеден ісі білімі

 

5. Кедендік ресімдеу басқармасы Кедендік кұн бөлімінін бас маманы , С-О-5 санаты, №ТНКҚБ 1-2-4

Қызметтік міндеттері: Тарифті реттеу шаралары, тауарларды жіктеу жэне кедендік күиды аиыктаудың Кеден одагы жэне Қазакстан Республикасының заңнамасына сэйкес дүрыстыгына бакылау бойынша экімші.чіктендіруді жүргізу, тауардын кедендік күнын аныктау, сонымен катар, аныкталган эдістіңдүрыстығы мен берілген кедендік күниың күрылысын бакылау; тауарга арналған декларациялардың эке.чінген/шыгарылатын тауарлар мен колік кұралдарынын кедендік күн бойынша талдау жүргізу; тауарды жіктеу бойынша алдын-ала шешімдерін, тауарды жіктеу бойынша кеден органының шсшімі. КО СЭҚТН коды бойыііша қорытынды шығарады; белгіленген нысанда есеп беру. Бөлімнің күзыреті ие кіретін сұрақтар бойынша СЭҚ катысушыларының өтініштерін уакытысыида жэне объективті каралу жүмысын іске асырады; кедендік
төлемдер мен салыктар бойынша есептердің Салыстыру актісін тексеру, сондай-ақ  сырткы экоиомикалык кызметке катысушылардың өтініштері бойынша Растау беру; Бөлімнің құзыретіне кіретін. сұрақтар бойынша талдау және өзгеде акпараттарды дайындау; кедендік толемдер мен салыктарды өндіріп алу сүрактарын ретке келтіретін. кеден заннамалары мен езгеде нормативтік құкықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;пластикалыктөлем карталар кұралымен төленген кеденлік төлемдер мен салыктардың түсуіне бакылауды жүзеге асыру; депозичтік шоттардан аударылган сомаларды және депозит шоттарының сомалары бойынша жеке шоттар бойынша тартуды жургізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым(экономика және бизнес, экономика, қаржы, есеп)

 

6. Борыштармен  жұмыс  басқармасының оңалту және банкроттық бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,  № БЖБ 2-2-2

Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкроттық рәсімдерін жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік саясатты жүргізу. Конкурстық, оңалту басқарушыларының және сырттай байқау әкімшісінің жұмыстары туралы есептеріне талдау жасау. Конкурстық, оңалту басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің жұмыстарына жоспар бойынша және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысу.Банкроттық туралы заңнаманың талаптарын бұзған конкурстық, оңалту басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісіне шеттету туралы ұсыныс енгізу.Басқарма есептерін Мемлекеттік кірістер комитетіне, мемлекеттік мекемелерге  сапалы және уақытылы дайындалуын ұйымдастыру.Төлем қабілеті жоқ ұйымдардың және жоқ борышкерлердің  қаржылық жағдайын анықтау үшін жедел талдау жүргізу. «Банкроттау және тарату рәсімін жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасының аясында банкрот деп танылған төлем қабілеті жоқ және мүліксіз борышкердің тарату рәсімінің орындалу кестесіне бақылау жүргізу.Банкроттық заңнамаларды іске асыру бойынша сот, жергілікті орындаушы органдармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету.Конкурстық массаны сату кезінде, «Банкроттық туралы” Заңның iс жүзiнде дұрыс қолданылуын  қадағалау..Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Экономикалық және  құқықтық жоғары білім

 

7. Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, № АРБ 1-2-2

Қызметтік міндеттері: Кадр бірлігін іріктеу,орналастыру, штат кестесін  дайындау. Орындаушылық тәртібінің жай -күйін талдау. Бос лауазымдық орындарға орналастыру  және арнайы тексеруден өту үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.  Кадр жөніндегі жылдық және тоқсандық есептілікті жасау. Арнайы тексеруден өткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР-ның Бас прокуратурасы құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетің Алматы облысы бойынша басқармасына  жаңа қабылданған қызметкерлердің құжаттарын дайындау.Аттестация, біліктілік байқауларын өткізуге керекті құжатар дайындау. Бос лауазымдық орындарға құжаттар дайындап хабарлама беру. Құпиялық тәртіпті сақтауды бақылау. Жыл сайынғы еңбек демалысы кестесін дайындау. "Е-Минфин" ақпараттық системасына мәліметтер енгізу. Бұйрықтар жазу.  Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу .

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

ние