Жарияланған күні: 05.10.2016 09:27
Өзгертілген күні: 05.10.2016 09:33

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz  g.beisekbay@kgd.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы  конкурс жариялайды:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жұмыс тәжірибесі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

     С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5,
C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113 үй.

            Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

1.Адам ресурстары басқармасы  Қызметтік тергеу  бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, № АРБ 2-2-2

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс департаменті, аумақтық Мемлекеттік кіріс  басқармаларының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағымдар мен өтініштерді қарау. Салық төлеушілер мен азаматтардан түскен хаттар, арыздар мен өтініштер, сондай-ақ сенім телефоны, шағымдардың электронды кітабы бойынша Мемлекеттік кіріс  департаменті мен аумақтық Мемлекеттік кіріс  басқармалары қызметкерлерінің әрекетін (әрекетсіздік) ҚР заңдылықтары талаптарына сәйкес тексерулер мен қызметтік тексерулерге қатысу,  (әрекетсіздік) шағымдар мен өтініштерді карау. Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім

2.Заң басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің сотта тағылымдамадан өту уақытына 2017 жылдың 20 маусымына дейін ) С-О-5 санаты, №ЗБ 1-2-5

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс  департаменті  мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім

3.Кедендік бақылау басқармасының Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінін бас маманы, С-О-5 санаты, КББ 2-2-4

Қызметтік міндеттері: Еркін қойма кеден рәсімін шектеу және аяқтау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторингті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттық бақылау мен тарифсіз реттеу шараларын қолданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады және бөлімнің бағыты бойынша есепті Комитетке беру үшін қалыптастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заңнамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга қатысты шектеулер мен тиымдарды өз құзыреті шегінде, кеден рәсіміне тауарларды орналастыру мен олардың әрекеттерін аяқтау бойынша шарттардың, тауарлар орналастырылғанда кеден одағының статусын алмайтын кеден рәсімінің шарттарын сакталуын кедендік бақылайды және ұйымдастырады, соның ішінде ақпараттық технологияны қолдана отырып; тауарларға кедендік бақылау бойынша белгіленген тәртіпте нормативті-құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиті кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мәліметтерді енгізудің мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656 сәйкес, ӨТСК мен баска да орындарға келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технология.

     

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.