Жарияланған күні: 17.02.2018 12:02
Өзгертілген күні: 17.02.2018 12:04

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін

аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды    (19.02.2018-21.02.2018 қоса есептегенде)

 

        Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, shmusabaeva@taxalmaty.mgd.kz, БСН 141140000549,

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қажетті құжаттардың тізбесі:

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

       Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)

       

        С-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

                      8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123257

166564

 

                

    1. Тарифтік реттеу басқармасының басшысы, С-О-3 санаты, 1 бірлік, №ТРБ 1

Қызметтік міндеттері: Бөлімнің лауазымды тұлғаларынын міндеттемелерін бөліп береді; тарифті реттеу шаралары, тауарларды жіктеу және кедендік кұнды анықтаудың Кеден одағы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығын бақылау, әкімшіліктендіру жұмыстарын жүргізуді, тауардың кедендік кұнын аныктау, сонымен катар, анықталған әдістің дұрыстығы мен берілген кедендік күнның кұрылысына бақылауды ұйымдастыру; тауарға арналган декларациялардың әкелінген/шығарылатын тауарлар мен көлік кұралдарының кедендік кұн бойынша талдау жүргізу: тауарды жіктеу бойынша алдын-ала шешімдерін, тауар коды бойынша қорытындыларды шығару жұмыстарын ұйымдастыру; бекітілген статистикалык есеп берудің нысандары бойынша қызметерлердің уакытылы есеп жүргізуді және оларды белгіленген мерзімде кеден ісі жөніндегі уәкілетті органға тапсыруына бақылау жүргізеді; бөлімнің құзыретіне кіретін сұрактар бойынша СЭҚ қатысушыларының өтініштерін уақытысында және объективті қарау; кедендік төлемдер мен салықтардың толық және уақытылы түсуін және талдауын, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуде босату мен кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгеріу берудің дұрыстығын, қамтамасыз етудің баска түрлерімен қоса акшаны уакытша орналастыру шоттарын және дербес шоттарды жүргізуді бақылау арқылы әкімшілендіруді ұйымдастыру; мемлекеттік бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салыктардың жоспар болжамын жасау және оның орындалуын бақылау;  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық білім, экономикалық білім және кеден ісі..

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

Нысан

________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     

Мекен- жайы және байланыс телефоны

 __________________________________________________________________________________                     

_______________ _____________________
  (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.