Дата публикации: 03.04.2015 18:15
Дата изменения: 03.04.2015 18:15

Бақылау-кассалық машиналардың түбіртектерін беруіне халықты қоғамдық бақылауға тарту және салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеру мақсатында 2015 жылдың 1 сәуір мен 30 қарашасы аралығында «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акциясы өткізіледі.

Акцияға қатысу үшін тауарларды сатып алған кезде берген түбіртектерді ұтыс купондарын айырбастау пунктіне әкеліп тегін ұтыс купонына айырбастап алу керек. Бақылау-кассалық машинаның 10 түбіртегіне бір ұтыс купоны беріледі. Ұтыс купондарын айырбастау пунктері аудандық және қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларында және ірі сауда үйлерінде орналасқан.

Жүлделерді ойнату ай сайын өткізіледі.

Жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ және http://alm.kgd.gov.kz сайтында орналастырылады. 

Акцияға қатысуға құқығы жоқтар:

- мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері;

- заңды және жеке тұлғалар – кәсіпкерлер өздерінің атына тіркелген бақылау-кассалық машинаның түбіртектері бойынша.

Акция ұйымдастырушылары-ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары.