Дата публикации: 27.04.2016 17:25
Дата изменения: 27.04.2016 17:25

Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы

 

«100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында салық және кеден саясаттары мен рәсімдерін оңтайландыру белгіленген. Кеден ставкаларының санын азайту, кеден рәсімдерін өту барысында құжаттар саны мен оларды өңдеу уақытын азайту.

Кеден операцияларын жасауды жеделдету мен оңтайландыру мақсатында, кедендік бақылау тиімділігін арттыруда Кедендік одақтың кеден аумағына автомобильді көлікпен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын–ала хабарлау енгізілген.

Кеден одағы кедендік аумағына автокөлік құралдарымен әкелінетін  тауарлар туралы мәліметті алдын-ала ақпараттандырылуға міндетті. Кеден қызметі бизнес құрлымдарына жайлы жағдай жасау, еліміздің экономикалық дамуын қолдау барысында біршама жұмыстар атқаруда.

            Кеден органдарының бүгінгі басты мақсаттарының бірі жүктердің  тұрып қалмай,уақытымен кеденнен өткізілуі. Онда да жүктердің қауіпсіздігін сақтап оның сапасына залал келтірмеуін қадағалау. Алдын ала ақпараттандыру шараларының арқасында бұл да бүгін қол жеткізілген дүние болады. Алдын ала ақпараттандыру жүк кеденнен өткізілмей тұрып оның саны,сапасы, не зат екендігі туралы толық мәліметті біліп отырады. Оның өзі кеденшілердің жұмысын жеңілдеткені  даусыз. Автокөліктермен өткізілетін жүктер кедендік бақылауға жеткенше екі сағат бұрын ол туралы ақпарат алынады. Алдын ала ақпараттандыру кеден органының  customs.kz  Web-порталы  арқылы жүзеге асады.Сыртқы экономикалық қызмет мүшелерінің кез келгені үшін тіркеу  мен қызмет көрсету ақысыз жүзеге асады. Алдын ала ақпараттандыру жүйесінің тағы бір тиімді жері жүктердің өткізу пунктерінде ұазақ тұрып қалмауын және көліктердің кезекте тұрмауын қаматамасыз ететіндігі.

       Үстіміздегі жылдың өткізілген сараптамаға сүйенер болсақ, сыртқы экономикалық қызмет мүшелерімен алдын ала ақпараттандыру арқылы 2016 ж. бастап 858 автокөлік құралдарын құжаттандыру жүргізіліп, оның ішінде 583 ақпараттандыру бұрын, 275 одан кейін құжаттандырылған.

       Алдын ала ақпараттандыру жүйесі кедендік шекара арқылы өтіп жатқан  адамдардың уақытын үнемдеп, кеденшілердің жұмысын шұғыл, әрі сапалы жүруіне ықпал ететін механизм.

Мысалы, «Қалжат» БӨП автокөлік құралдарымен әкелінетін  тауарлар  туралы алдын –ала хабарлау міндетті болып табылады. Қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес, тасымалдаушылар, кедендік өкілдер немесе басқа да тұлғалар кеден органына автокөлік құралдарымен әкелінетін  тауарлар  туралы алдын – ала ақпаратты табыс етуге міндетті.

Ақпарат Кеден одағының кеден аумағына тауарды әкелуден бұрын  2 сағат аспай табыс етілуі қажет.

Аталмыш бағытта  брокерлік фирмалар өкілдерінің және СЭҚ қатысушылардың қатысуымен дөнгелек стөл өткізілді және кеден одағының кедендік аумағына автокөлік құралдарымен әкелінетін тауарларға міндетті алдын-ала ақпараттандырылуға қажет екеніне ерекше назар аударылды. 

 

Алматы облысы бойынша 

мемлекеттік кірістер департаменті

Заң басқармасының  басшысы

Әсем Байқаш