Дата публикации: 10.07.2020 18:11
Дата изменения: 10.07.2020 18:11

Мемлекеттік кірістер комитеті онлайн-брондауды «eSalyq mobile» мобильді қосымшасында іске қосты.

Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) коронавирустық инфекцияның халық арасында таралу қаупі жағдайында, қызмет алушыларға қызмет көрсету кезінде қолайлы жағдай жасау және байланыстарды азайту үшін барлық шараларды қабылдайды.

Біз сіздерге мемлекеттік кірістер органдарына барар алдында белгілі бір уақытқа алдын ала брондаудың қажет екенін еске саламыз. Алдын ала брондау кезектердің жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді және жұқтыру қаупін азайтады.

Қазіргі уақытта, онлайн брондау облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде орналасқан 73 мемлекеттік кірістер органдарында қол жетімді.

Сіз кезегіңізді ҚМД сайтында брондай аласыз https://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation, сонымен қатар 1 шілдеден бастап брондау «eSalyq mobile» мобильді қосымшасында «Электрондық қызметтер» – «Онлайн брондау» бөлімінде қол жетімді.

Қалған аймақтарда келуді МКК сайтында көрсетілген телефондар бойынша брондауға болады http://www.kgd.gov.kz/ru/content/telefony-kontakt-centrov-organov-gosudarstvennyh-dohodov-1.