Дата публикации: 17.03.2015 16:20
Дата изменения: 17.03.2015 16:20

Мемлекеттік қызметкерлер- декларация тапсырамыз!

            Мемлекеттік қызметтегі тұлғалар, Салық Кодексінің 186 бабына сәйкес табыстары мен Қазақстан аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны жыл сайын 31 наурызға дейін тұрғылықты жері бойынша 230.00 нысанды жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациясын табыс етеді.

Салық төлеуші декларацияны өзіне ыңғайлы тәсілмен тапсыра алады:

1) келу;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта;

3) электронды түрде.

Салық есептілігін электронды түрде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-порталындағы Web-қосымшасы «Салық төлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады, сонымен қатар, салық органдарында «Салық төлеушілер» терминалы жұмыс жасайды.

    Декларация алған табыстарды ресми мәлімдеу, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталған жеке табыс салығының сомасын көрсетуге  арналған.

Декларацияға қосымшада салық міндеттемесінің толық есептелгені, меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік, Қазақстан Республикасы аумағында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсетуге арналған. 

Жеке табыс салығы және мүлікке арналған салық декларациясындағы  қосымша нысаны мынадай ақпараттардан құралады:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) мүліктік және басқада кіріс көздері;                                                    

3) жеке меншік иелігіндегі мүлік.

Жоғарыда аталған мәліметтер болмаған жағдайда, қосымшада көрсетілген кесте толтырылмайды.

Сонымен қатар, осы нысанды толтыру кезінде келесіге назар аудару керек:

- меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің түрі, кадастрлық нөмірін немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктің тіркеу нөмірін көрсету.

- жылжымалы мүлік болған жағдайда көлік құралдарының түрін, шыққан жылы мен мемлекеттік нөмірін және көлік құралының VIN-кодын немесе кузов нөмірін көрсету  қажет.

Бұған  қоса, сенімгерлікпен басқаруға берілген көлік құралдары, куәландыратын құжаттарға сәйкес тұлғаның жеке меншігі болып табылатындықтан объект ретінде декларацияда көрсетілуі тиіс.

      Салық органына декларация тапсырған кезде (жеке меншіктегі мүлікті куәландыратын құжат, көлік құралдарын растайтын құжаттар, жерді пайдалану үшін берілген акт, жалақы анықтамасы) растайтын құжаттар берілмейді.