Дата публикации: 12.01.2023 16:25
Дата изменения: 12.01.2023 16:25

          Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын құру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау–біздің жалпы міндетіміз. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық айтуға, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді  орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

          Біз өз қызметтік міндеттерімізді орындауда мынадай қағидалады ұстануға талпынамыз: өз әріптестерінің тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу бойынша оларды тоқтату не шаралар қабылдау; ұжымдағы әріптестердің ар-намысын қаралайтын олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартыну; әріптестердің лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу.

            Ұжым ішіндегі қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі «басшы–бағынышты қызметкер» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас болып табылады.             Басшы, оның бағыныштылары – қызметтік функцияларды атқарушылар ғана емес, сонымен бірге өз қызығушылығы, жұмыс және оның құндылықтары туралы жеке пікірі бар тұлғалар екендігін есте сақтауы тиіс.

          Басшы бағыныштылармен қарым-қатынас жасауда мыналарды ескеруі тиіс: өз мінез-құлығымен бейтараптық, әділдік, риясыздық үлгісі болу; әрбір ағынышты қызметкерге құрметпен қарау, оның өзіне, өз қабілетіне, өз кәсіби әлеуетіне деген сенімді нығайту; кадр мәселесін шешу кезінде туысқандық, жершілдік және жеке берілгендік белгілеріне артықшылық бермей, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету; заңға қайшы әрекеттерді, сондай-ақ жалпыға ортақ моральдық әдеп нормаларымен үйлеспейтін әрекеттерді жасауға мәжбүрлемеу; еңбекті қорғауға, денсаулықты сақтауға бағытталған шараларды қабылдау, тиімді қызмет үшін қажетті қауіпсіз жағдайларды жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысына қол сұғуды және кемсітушіліктің барлық түрлерін жоққа шығаратын қолайлы моральдық-психологиялық атмосфера жасау.

 

Алматы облысы бойынша МКД

Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Ескентаев