Дата публикации: 06.12.2022 14:49
Дата изменения: 06.12.2022 14:49

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

            2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу» мемлекеттік қызметті көрсетудің электрондық нысанына көшу басталды.

            Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің келесі байланыс деректері арқылы хабарласуға болад 8 (7172) 71-73-01, 71-70-70 b.myrzagali@kgd.gov.kz, zh.sekenov@kgd.gov.kz.