Дата публикации: 13.11.2020 15:55
Дата изменения: 07.12.2020 17:56

Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер 2020 жылғы 20 наурыз бен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған табыстардан есептелетін ЖТС ставкасына "0" коэффициентін қолдануға құқылы

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Заң) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Салық кодексі) 57-4-бабына сәйкес (бұдан әрі - 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер салық кодексінің 686, 687, 695, 700, 704-баптарына сәйкес есептелген табыстардан салық төлеуден босатылады деп белгіленген.

Баяндалғанды ескере отырып, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын салық төлеушілер Заңның 57-4-бабында көзделген салықтарды төлеуден босатылмайды.

Сонымен қатар, "экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысының (бұдан әрі - ҚР №126 ТП) 2 - тармағының 3) тармақшасымен салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығының (бұдан әрі-ЖТС) мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті белгіленгеніне назар аударамыз.

Осы қаулы 2020 жылғы 20 наурыздан бастап және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады (ҚР №126 ПП 6-тармағы).

Осылайша, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер 2020 жылғы 20 наурыз бен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған табыстардан есептелетін ЖТС ставкасына "0" коэффициентін қолдануға құқылы.