Дата публикации: 20.02.2023 18:20
Дата изменения: 20.02.2023 18:20

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептігі мен мінез-құлқы мәселелеріне көбірек мән берілуде. Мемлекеттік қызмет жүйесінде әдептілік нормаларды сақтау ерекше орын алады.   

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жаза қолдану және қызметтік әдеп мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ жаңа редакциясы бекітілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАҢА ӘДЕП КОДЕКСІ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Әдеп кодексінің нормалары мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік қасиеттеріне қойылатын ерекше, бірақ сонымен бірге орындалатын талаптарды анықтайды.

Кодексте «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДЕПТІК ҚАҒИДАТТАРЫ» жаңа тарауы пайда болды, онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделеді деп бекітілген:

1) АДАЛ НИЕТТІЛІК – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

2) АДАЛДЫҚ – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

3) ӘДІЛДІК – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

4) АШЫҚТЫҚ – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;

5) СЫПАЙЫЛЫҚ – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

6) КЛИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНУ – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Мемлекеттік қызметшілер халықтың сұранысын толық басшылыққа алып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушы ретінде халықпен жұмыс істеуге және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге дайын болуы керек.