Дата публикации: 01.12.2022 12:46
Дата изменения: 01.12.2022 12:46

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы 28 қарашадан бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Жанабаев Олжас Махаббатовичке 8(775)2210160 телефон нөмірі немесе o.zhanabaev@kgd.gov.kz электрондық мекенжай арқылы хабарласуға болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 7182-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz.