Дата публикации: 02.12.2022 11:53
Дата изменения: 02.12.2022 11:53

        Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 02 қарашасынан бастап «Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 587 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 7404 00 – мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 – алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 – қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 – қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 – құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 – химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін;

        Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің түрімен: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0 – қоспалы болаттың, құрамында 8 мас.% немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, 7204 21 900 0 - өзгелерін, 7204 29 000 0 – өзгелерін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 – қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын);

        Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 19 100 1 – бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 – ілмектерді және өзге шыңжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, өзгелерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін, 8607 29 000 0 - өзгелерін, 8607 12 000 – өзге де арбаларды қоспағанда, бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары – 7302 – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, 7303 00 – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, 7304 – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7305 - дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм-ден артық, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7306 - қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 8607 – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды, осьтерді және доңғалақтарды және олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің түрімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.