Дата публикации: 20.10.2020 16:53
Дата изменения: 08.12.2020 18:27

200.00 салық есептілігі нысанының 200.05-қосымшасының "Жеке тұлғаның санаты" Е бағанын толтыру туралы

 

(Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің Бірінші орынбасарының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Декларация (200.00-нысан)" салық есептілігін жасау қағидалары бекітілген).

Бұл нысан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған.

"Жеке тұлғаның табысынан салықтарды және әлеуметтік төлемдерді есептеу" бөлімде:

1) А бағанда кезекті реттік нөмірі қойылады;

2) В бағанда есепті тоқсанда табыстар есептелген жеке тұлғалардың тегі, аты, жөні (ол болған кезде) көрсетіледі;

3) C бағанда жеке тұлғалардың ЖСН көрсетіледі;

4) D бағанында жеке тұлғаның мәртебесі көрсетіледі:

1 – қызметкер;

2 – мәні қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алған жеке тұлға;

3 – ұтыстардан басқа, төлем көзінен салық салынатын өзге де табыстар алған жеке тұлға;

4 - ұтыстар түріндегі кірістерді алған жеке тұлға;

5) E бағанында жеке тұлғаның санаты көрсетіледі:

1 – зейнетақы;

2 – мүгедек;

3 – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген;

4 - ата-ана, қамқоршы, он сегіз жасқа толмаған мүгедек баланың немесе "жастайынан мүгедек" себебінен мүгедек деп танылған адамның қорғаншысы;

5 - он сегіз жасқа толмаған ұл (қыз) баланы асырап алушы;

6 - қабылдайтын отбасыға жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған ата-ана;

Бұл ретте декларацияны жасау қағидаларында жеке тұлғаның санаттарын көрсету бойынша сандық шектеулер белгіленбегенін атап өтеміз, яғни жеке тұлғаны бір мезгілде бірнеше санатқа жатқызған жағдайда тиісті санаттар тыныс белгілері арқылы көрсетіледі

Жоғарыда баяндалғанның негізінде 200.05-нысанның "салық төлеушінің кабинетінде" "Е" бағаны анықтамалықтан толтырылмайтынын хабарлаймыз, осыған байланысты осы бағанды үтір арқылы толтыруға болады.