Дата публикации: 05.12.2016 09:01
Дата изменения: 05.12.2016 09:01

         Сыбайлас жемқорлық жайлы  түсінік

 

Сыбайлас жемқорлықтың шегі жоқ, ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Ол оңай іс емес. Бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі он бесінші ғасырдың өзінде британ парламентінде осы мақсатта шулы даулар орын алған.

Сыбайлас жемқорлық-лауазымды адамның өзінің билік өкілеттігін және өзіне берілген құқықтарын белгіленген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әректі мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыс қатарына жатады.

Сыбайлас жемқорлыққа дискрециялық билікке, яғни өзіне тиесілі емес ресурстарды өз қалауынша бөлу билігіне  ие кез келген адам (шенеунік, сот құқық қорғау органдарының қызметкері, әкім, дәрігер және т.б.) ұшырауы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе билік өкілеттілігін пайдалана отырып, экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал басты қаупі-оны әшекерлеу мен жазалау.

Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйлық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөліп алып, оның  «өтінішінің» орындалуына мүмкіндік беретін болған. Сондықтан алғашқы қауымдық қоғамда дінбасыларға немесе көсемге ақы төлеу қалыпты жағдай саналған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі нәтижесінде кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар билеушілердің ойнша белгіленген жалақыға қанағаттануы тиіс еді. Ал іс жүзінде шенеуніктер өзінің қызмет жағдайын өз кірістерін құпия түрде көбейтуге қолдануға ұмтылады.

Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Оған шашпалық және парақорлық кіреді. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады.

Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алу ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз турде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады.

Көп жағдайда пара алушы қорқытып алудан,болмаса мәмілеге келуден көп пайда табады.

Тарихта сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизімдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін пайданың көлемін азайту. Соңғысына мемлекеттік қызмет көрсетудегі бәсекелестік, яғни бір мемлекеттік органдардың басқа органдардың функцияларын орындауы да жатады.

Әлемдік тәжірбиенің арғы-бергі тарихына көз салып, ой зерделесек, экономикасы қарыштап дамыған қуатты мемлекеттердің өзі заманның жегі құрты іспеттес-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте түбегейлі жеңіске жетіп көрмепті. Сонау мүлік теңсіздігі пайда болған сәттен бастап-ақ тіршілікке өз дәнін тастап үлгерген сыбайлас жемқорлықтың біреудің мүлкін әлімжеттік жасап тартып алу секілді арнайы әрекеттен мемлекет қазынасын талан-таражға салу, мансабын пайдалану тәрізді анағұрлым жетілдірілген биік дәрежеге көтерілуі талай-талай дәуірлерді артқа тастағаны бұл дерттің өлмейтін, өшпейтін ит жандылдығын дәлелдесе керек. Сондықтан да негізгі мәнін өзгертпесе де заманына қарай айлашарғысын түрлендіріп отыратын осынау қауіпті құбылысқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы алғашқылардың бірі болып күрес жариялап, әлемдік деңгейде халықаралық конференциялар әзірлеуі тектен тек емес.

 

 

Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Е. Стамбеков