Дата публикации: 12.06.2019 19:01
Дата изменения: 12.06.2019 19:01

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті   «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

                            (13.06.2019ж.-17.06.2019ж.  қоса есептегенде)

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282) 24-34-79, электрондық мекен-жайы: Mbibatyrova@taxalmaty.mgd.kz,  БСН: 141140000549.

   

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  3 жұмыс күні, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

 Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2) құжаттарды тапсыру күніне дейін 30 күнтізбелік күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға, электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі,  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына хабарландыруда көрсетілген мерзімде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы жолданған жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей табыс етіледі.

Оларды табыс етпеген жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жіберілмейді.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну кезінде конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Әңгімелесу өткізілетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешiмiне уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне, немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

          

    

        1.С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

        жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

        мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның бағытына сәйкес облыс қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 353

112 376

 

1. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салықтық аудит бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ЖСӘБ 3-2-1.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

Қызметтік міндеттері: Өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді. Салық төлеушілердің салық салу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауын бақылауды жүзеге асыру, бөлімнің құзыреті шегінде тексерулердің нәтижесінде есептелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке уақытылы аударылуы мен толық есептелуін қамтамасыз етеді. Тексеруге жататын салық төлеушінің салықтық заңнамаларды орындауы, салықтық заңнамалардың талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында тақырыптық, нөлдік ставканы дұрыс қолдану және бюджеттен орына қайтару. ҚҚС ұсынылған соманың дұрыстығы мәселесі бойынша тақырыптық, жоспардан тыс және қарсы тексерулерді жүргізу  және Алматы облысында есепке алынған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бойынша анықталған салықтық құқық бұзушылықтар фактілерін құжаттамалық дәлелдеу және оларды тексерулер актісінде көрсету. Аумақтық салық органдарының тексерулерін ұйымдастыру мен өткізу бойынша оларға тәжирібелік көмек көрсету. Қосылған құн салығын әкімшілендіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен қарым-қатынасу. ҚР ҚМ МКК жүргізілетін ірі салық төлеушілердің тексеруіне қатысу. ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау, Салық есептілігін ұсынған ірі салық төлеуші-жеткізушілердің жүргізілген мониторингі негізінде келіп түскен сұраныстарына жауаптарды жіберуді қамтамасыз ету. ҚР ҚМ МКК бұйрықтары мен тапсырмаларын, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

 

      2. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,  2 бірлік, №ӨЕТБ 2-2-1, №ӨЕТБ 2-2-2.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық,  құқықтық білім.

         Қызметтік міндеттері: Бөлім құзыреті шегінде салық салу мәселелерін реттейтін салық заңнамасы мен басқа да нормативтік актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

        Облыстың аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, өндірістік емес төлемдерді жинауды әкімшілендіру мәселелерінде әдіснамалық басқаруды және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жұмысын ұйымдастыру. Алматы облысының аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін қайта сату бойынша мүліктік кірістердің пайда болу жағдайларына қатысты үйлестіру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, орындалмаған салық міндеттемелері туралы мәліметтерді алу үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен және салық салу объектісі бар салық төлеушілермен өзара іс-қимыл жасау.      Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.

 

3. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының тәуекелдер бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, ТжТБ 1-2-1.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

Қызметтік міндеттері: тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау,  қосымша түсімдерді іздестіру жұмыстарын жүргізу, тәуекел салық төлеушілерді әкімшілендіру, кеден тәуекелдерді бейіндеу мақсатында ақпарат жинау, еңбекақыдан төленетін салықтардың және корпоративті табыс салығының аванстық салығына әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу.  Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.

        4. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының талдау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,  1 бірлік, №ТжТБ 2-2-1.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық  білімі.

         Қызметтік міндеттері: Тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау, бюджетке түсетін салықтық, кедендік тағы басқа да міндетті төлемдердің түсім серпініне және болжамның орындалуына талдау жұмысын жүргізу, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу, салықтық, кедендік, тағы басқа да міндетті түсімдерді болжау бойынша жұмыстарды үйлестіру, жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру.

 

5. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне (17.12.2020ж.), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ТжТБ 2-2-2.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық  білімі.

         Қызметтік міндеттері: Тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау, бюджетке түсетін салықтық, кедендік тағы басқа да міндетті төлемдердің түсім серпініне және болжамның орындалуына талдау жұмысын жүргізу, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу, салықтық, кедендік, тағы басқа да міндетті түсімдерді болжау бойынша жұмыстарды үйлестіру, жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.

6. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 29.12.2021ж.), С-О-5 санаты,  1 бірлік, №ТжТБ 2-2-3.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық  білімі.

         Қызметтік міндеттері: Тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау, бюджетке түсетін салықтық, кедендік тағы басқа да міндетті төлемдердің түсім серпініне және болжамның орындалуына талдау жұмысын жүргізу, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу, салықтық, кедендік, тағы басқа міндетті түсімдерді болжау бойынша жұмыстарды үйлестіру, жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

    ____________________________

               ___________________________     

           (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

            

                        _________                                  ______________________________

                             қолы                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.