Дата публикации: 10.06.2019 11:31
Дата изменения: 10.06.2019 11:31

Еңбекшіқазақ  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы

бос  мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері  арасында ішкі конкурс жариялайды

(11.06.2019ж.-13.06.2019ж. қоса есептегенде)

    БСН 020740001757, 040400, Алматы  облысы, Еңбекшіқазақ  ауданы, Есік  қаласы,  Алтын  Адам аллеясы 155, анықтама телефоны: (8-72775) 7-55-95, факс 7-50-51, электрондық мекен-жайы: Makendzhanova@taxalmaty.mgd.kz, m.akendzhanova@kgd.gov.kz
 

           Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

   Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алтын адам аллеясы,155

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

                                                                                                  

          С-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

          Жоғары  немесе  жоғары оқу  орнынан  кейінгі білім;   

  мынадай  құзыреттердің  бар  болуы: стресске  орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті  тұтынушыға  және  оны  хабарландыруға  бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық  және  әрекеттестік, қызметті  басқару, шешім  қабылдау, көшбасшылық;

 жұмыс  тәжірибесі  келесі  талаптардың  тіріне  сәйкес  болуы  тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары  оқу  орындарынан  кейінгі  білім  бағдарламалары  бойынша  Қазақстан Республикасының  Президенті  жанындағы  білім беру  ұйымдарында  немесе  шетелдің  жоғары  оқу  орындарында  Республикалық  комиссия  бекітетін  басым  мамандықтар  бойынша  оқуды  аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

     

1. Жанама салықтарды әкімшілендіру  бөлімінің басшысы (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты  96 607  теңгеден 129 920 теңгеге дейін, С-R-3 санаты,  №08-1

         Білімі: Жоғары экономикалық, құқықтық білім                                                                                                    

         Қызметтік міндеттері: Бөлімнің жалпы басшылығын атқару және бөлім қызметкерлерінің жұмысын бақылау. Бөлімінің ережесін, бөлімнің жұмыс жоспарын жасау, бөлім қызметкерлерінің арасында лауазымдық міндеттерін белгілеу және бөлу. Бекітілген номенклатура бойынша бөлімге түскен құжаттарды өңдеу. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жалпы ақпараттар дайындау.Салық төлеушілерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды қарау және бөлім құзіретінде оларға негізделген жауаптар дайындау. Салық заңдылығын жетілдіру мақсатында ұсыныстар беру. Әкімшілік жүргізу, салықтарды өндіріп алу, ҚҚС –ның түсуі мен қайтарудың заңдылығын бақылау. Акциздік өнімдердің айналымы мен өндіріс саласындағы қызметін жүзеге асыратын және қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төленетін акциздердің толық және уақытылы төленуіне тексеру жүргізу.Акциздік салықты ұйымдастыруды жэне акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелеріне қатысты заңнамаларды жетілдіру жөніндеұсыныстар беру. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізу, салық төлеушілердің хаттарын қарау. Жанама салықтардың түсуіне бақылауды жүзеге асыру.Бюджетке жанама салықтардың түсуін қарстыратын  ҚР заңнамаларының  орындалуын қамтамасыз ету. ҚҚС қайтарудың әкімшілік жүргізуін өндіріп алу мен түсуін және заңдылығын  бақылау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

2. «Жеке  кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы (1 бірлік ), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 96 607 теңгеден 129 920 теңгеге дейін, С-R-3 санаты,  №03-1

       Білімі: Жоғары экономикалық,техникалық (ақпараттық жүйелер) білім                

       Қызметтік міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарында көзделген қажетті іс-шараларды әзірлеуге және олардың уақтылы жүзеге асырылуын қадағалау;Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ЖШЕА АЖ (ИС ЦУЛС), СЕОЖ АЖ (ИС СОНО), БДҚ ХТ (ЕХД РВУ), ЭҚБЖ (ЕСЭДО) және МО ИП (ИПГО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару.Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау.Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру.Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. 

 

3. Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің  басшысы (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 96 607 теңгеден 129 920 теңгеге дейін дейін, С-R-3 санаты,  №06-1

       Білімі: Жоғары экономикалық,құқықтық және техникалық (ақпараттық жүйелер) білім                                                                                                                                                                                           

       Қызметтік  міндеттері: Бөлімнің жалпы басшылығын атқару және бөлім қызметкерлерінің жұмысын бақылау. Бөлімінің ережесін, бөлімнің жұмыс жоспарын жасау, бөлім қызметкерлерінің арасында лауазымдық міндеттерін белгілеу және бөлу. Бекітілген номенклатура бойынша бөлімге түскен құжаттарды өңдеу. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жалпы ақпараттар дайындау. Салық заңдылығын жетілдіру мақсатында ұсыныстар беру. Салық төлеушілерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды қарау және бөлім құзіретінде оларға негізделген жауаптар дайындау.Төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Жеке шоттардың есебін жүргізу және беру, есепке алу және  артық төленген сомаларды қайтару. Анықталмаған сомалармен жұмыс істеу. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару. Бюджетке төленетін салық және төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түсімдеріне, берешек және артық төленген сомалары бойынша есептіліктер қалыптастырып талдау жүргізу. Салыстырып тексеру актілерін қалыптастырады. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар  түсімдеріне бақылау жүргізу. Ақпараттық жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

    ____________________________

               ___________________________     

           (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

                        _________                                  ______________________________

                             қолы                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.