Date of publication: 10.06.2016 09:36
Date of changing: 10.06.2016 09:40

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алакөл ауданы бойыншаМемлекеттік  кірістер  басқармасы барлық мемлекеттік органдар арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органдар арасында ішкі конкурс  жариялайды

   Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде, 2016 жылдың 10 –маусымынан 2016 жылдың 16-маусымын қоса есептегенде.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
          1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

 2) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

   4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

   5) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

                    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

       C-R-4

73 288

99 105

БСН 000340001800, 040200, Алматы  облысы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі  68  үй  анықтама телефоны: (8-72833) 2-23-75, факс 2-17-92, электрондық мекен-жайы: Bimanbaeva@taxalmaty.mgd.kz

1. Құқықтық ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы (1 бірлік), С-R-4  санаты, № 06-2-1

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), "Е-МИНФИН", ақпараттық жүйелерінің көмегімен кабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Заңды мүдделері мен құқығын қорғауды іске асыру басқармасының құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу,электрондық түрде кірістер басқармасына түсетін нормативтік-құқықтық базасын  жаңалауын бақылау, келіп түскен салық төлеушілердің қолдау хатын, арызын, хаттарын талдау кезінде бөлім бастықтарына тәжірбиелік көмек көрсету. Салықтық заңнаманы бұзу бойынша мәліметтерді дайындап, оларды сот органдарына беру, Прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау, кірістер басқармасына келіп түскен салық төлеушілердің қолдау хатын,арызын,хаттарын талдау кезінде бөлім басшыларына тәжірбиелік көмек көрсету, Салықтық заңнаманы бұзу бойынша мәліметтерді дайындап, оларды сот органдарына беру,сот тексерулеріне қатысу, кассациялық  және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқармасының талап-арыз жұмысын откізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету салықтық заңнаманы бұзу бойынша мәліметтерді дайындап, оларды сот органдарына беру, «WEB- AП»программасына мәліметтерді уақытылы кіргізіп отыру, Бұқаралық ақпарат құралдарына  Салық Кодексінде өзгеріс енгізуіне байланысты мәліметерді салық төлеуші назарына ұсыну. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.