Date of publication: 06.05.2020 09:38
Date of changing: 06.05.2020 09:40

Салық заңнамасы нормаларының бөлігінде ЖТС есептеу мақсатында 2020 жылға АЕК қолдану туралы ақпараты

 

Баптары

Мәтін

АЕК қолдану

319-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы

 Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде өтемақы төлемдері;

 

 

Төлемдерді есептеу күніне АЕК.

 

319-баптың 2-тармағы 2) тармақшасы

Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

...

2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:

осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1)2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1)2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;

Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

319-баптың 2-тармағы 20) тармақшасы

Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

...

20) жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;

 

 

 

Тауарды беру күніне АЕК.

 

319-баптың 2-тармағы 40) тармақшасы

Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

40)  жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында, қызметтік іссапарды ресімдемей жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша жұмыс берушiнiң шығыстары:

жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;

уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

жұмыс берушi:

жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде – жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;

жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде – жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

319-баптың 2-тармағы 42) тармақшасы

Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:

жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;

уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

жеке тұлға оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

дербес білім беру ұйымы:

оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде – жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде – жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындаған ақша сомасы;

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

 

319-баптың 2-тармағы 43) тармақшасы

2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жұмсаған мынадай түрдегі төлемдер:

      мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;

      жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде – бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жұмсалған шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

      мынадай:

      жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;

      растайтын құжаттар негізінде, келуге және кетуге арналған рұқсатты (визаны) ресімдеу кезінде жұмсалған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күніне және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:

      дайындық бөлімінде;

      мынадай білім беру деңгейлері:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғарғы мектеп;

      мынадай білім беру деңгейлері:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

319-баптың 2-тармағы 44) тармақшасы

2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

      44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

341-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

11) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай ұтыстарды есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері шегiнде бір лотерея бойынша ұтыс;

 

 

 

 

Ұтыстарды есептеу күніне АЕК.

 

341-баптың 1-тармағы 12) тармақшасы

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

12) республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және мұндай төлем күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерiнде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер;

 

 

 

 

Төлем жүргізу күніне АЕК.

 

341-баптың 1-тармағы 14) тармақшасы

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

 14) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы кірісі.

Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түсетін кіріс жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс деп танылады:

тірі сауынды табын ірі қара мал;

тірі ірі қара мал;

тірі жылқы және өзге жылқы тұқымдас жануарлар;

тірі түйе және түйе тектілер;

тірі қой мен ешкі;

тірі шошқа;

тірі үй құстары;

тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;

ірі қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;

сауынды табын ірі қара малдың шикі сүті;

үй құстарының жас немесе тоңазытылған еті;

картоп;

сәбіз;

қырыққабат;

баялды;

қызанақ;

қияр;

сарымсақ;

пияз;

қант қызылшасы;

алма;

алмұрт;

айва;

өрік;

шие;

шабдалы;

қара өрік;

ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойдың, ешкінің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.

Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы тармақшаның ережелерін бір ғана салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым, ауыл шаруашылығы кооперативі және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға мынадай құжаттарды:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтаманы;

жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:

алаңы көрсетіле отырып, жер учаскесінің;

саны көрсетіле отырып, үй жануарларының;

саны көрсетіле отырып, үй құстарының бар екендігі туралы растауын;

салық салуға жататын кірістерге түзету қолдануға арналған өтінішті ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданады.

Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылда кемінде бір рет ұсынылады;

 

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

341-баптың 1-тармағы 18) тармақшасы

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

18) күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегiндегі:

жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға төленген нақты шығыстарын, немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшiн;

жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;

қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.

Кіріске түзету қолдану туралы өтініш негізінде және растайтын құжаттар болған кезде көрсетілген кірістер салық салудан босатылады;

 

 

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

341-баптың 1-тармағы 27) тармақшасы

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

27) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жұмыс берушінің жүктілік пен босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі кірістер.

Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады;

 

 

 

 

Кірісті есептеу күніне АЕК.

 

341-баптың 1-тармағы 49) тармақшасы

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

49) жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.

Осы тармақшаның ережесі жұмыскердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісіне қолданылады;

 

 

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

346-баптың 1-тармағы 2) тармақшасы

Мыналар стандартты шегерімдер болып табылады:

 …

2) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;

I, II немесе III топтардағы мүгедек;

мүгедек бала болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.

Жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болған жағдайда, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс.

Енгізу туралы заңның 33-бабында көрсетілген қолданыстағы редакциядағы Салық кодексінің 342-бабына ескертпе: «Салықтық шегерімдер» 37-тарауды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері түсініледі.

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

346-баптың 1-тармағы 3) тармақшасы

Мыналар стандартты шегерімдер болып табылады:

 …

3) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:

он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.

Осы тармақшаның ережелері:

қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.

Енгізу туралы заңның 33-бабында көрсетілген қолданыстағы редакциядағы Салық кодексінің 342-бабына ескертпе: «Салықтық шегерімдер» 37-тарауды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері түсініледі.

 

 

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге)..

348-баптың 3-тармағы

3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы күнтiзбелiк бiр жылдағы жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Енгізу туралы заңның 33-бабында көрсетілген қолданыстағы редакциядағы Салық кодексінің 342-бабына ескертпе: «Салықтық шегерімдер» 37-тарауды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері түсініледі.

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).

 

360-баптың 2-тармағы

      2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде есептеледі.

Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК (2020 жылы - 2651 теңге).