Date of publication: 29.10.2015 16:06
Date of changing: 29.10.2015 16:09

Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

 

      1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.
       Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
       1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;
      2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:
      жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;
      берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
      борышты кешіру;
      мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;
      репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды: 
      1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
       2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;
      3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;
       4) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV

        Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі (10%).