Date of publication: 21.10.2015 11:53
Date of changing: 21.10.2015 11:59

Мекемеге мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуде салықтық жеңілдіктер

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі) 133 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық салынатын табыстың 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде нақты шеккен шығыстардың Салық кодексінің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;

Осы тармақтың 2) тармақшасына сай мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайыз шығыстарды азайтуға құқығы бар.

Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға Салық кодексінің 135 бабының 1 тармағына сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, Салық кодексінің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Аталған баптың 3 тармағына сәйкес қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетiн:

1) салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайтын;

2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.

Жоғарыда аталған мәліметтер бойынша салық заңнамасы негізінде мекеме мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ететін болса, заңнамада белгіленген шекте әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар корпоративтiк табыс салығын төлеуден босатылады.