Date of publication: 04.12.2020 17:56
Date of changing: 07.12.2020 15:54

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар тарту тыйым салынады

Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір материалдық құндылықтарды сыйға тартуға жол бермеу туралы еске салғымыз келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заң сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізуге бағытталған.

Сонымен, бұл шаралардың бірі - мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар, материалдық сыйақылар мен қызметтер көрсетуге толықтай тыйым салу.

Осылайша, қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметкерлерге олардың қызметтік жағдайына байланысты қандай-да бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады.

Мемлекеттік қызметшіге жасаған сыйлық қандай жаза әкелуі мүмкін?

Мемлекеттік қызметкерлерге 2 АЕК-тен (5 556 теңге) төмен сыйлық бергені үшін:

- жеке тұлға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (555 мың 600 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

- заңды тұлға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде                           (2 миллион 083 мың 500 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алу үшін  600 АЕК (1 миллион 590 мың 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 (пара алу) және 367 (пара беру) баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Заңмен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қойылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар анықталған, олар үшін жауаптылығы: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен босату түрінде көзделген.

Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тарапынан мынадай құқыққа қарсы әрекеттер теріс қылықтар болып танылады:

1) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

2) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.

Мемлекеттік қызметшінің рұқсатынсыз келіп түскен, сондай-ақ тиісті функцияларды орындауға байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсырылуға тиіс. Ал мемлекеттік қызметшіге көрсетілген қызметтер республикалық бюджетке ақша аудару арқылы төленуі тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.

 

Алматы облысы бойынша МКД-нің

Адам ресурстары басқармасының қызметтік регеу бөлімі