Date of publication: 06.10.2020 17:49
Date of changing: 06.10.2020 17:50

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері.

 

Ұлттық жоспардың 100 нақты қадамы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытында «Кірісті және шығысты жалпы жариялауды еңгізу» 42 қадам көзделген. Ол өз кезегінде Салық кодексінің 71 тарауында заңдық көрінісін тапқан.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

2019 жылдың 03-ші шілдесінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

          Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсынады:

  1. жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
  2. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
  3. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
  4. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар

          Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  1. мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы);
  2. квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы)

           Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  1. заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы(зайыбы);
  2. дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы (зайыбы)
  1.  Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап: халықтың қалған санаттары