Date of publication: 07.02.2020 15:48
Date of changing: 07.02.2020 15:49

Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерімен қақтығысқан жағдайда

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Занның 24 бабы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Алматы  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларының тарапынан туындаған заңсыз әрекеттеріне (әрекекетсіздік) қайшылық туған жағдайда, сіздер мына Сенім телефонына қонырау соғып, хабарласуларыңызға болады: (7282) 24-35-22

 

Алматы облысы  бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы басқармасы