Date of publication: 20.05.2019 16:35
Date of changing: 20.05.2019 16:39

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 94, 95 және 96-баптарына сәйкес камералдық бақылау ретінде салық төлеуші ұсынған СЕН,  уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүргізетін бақылау деп танылады.

           

Камералдық бақылау салық төлеушіге салық органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын береді және тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

          жоғары тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтар бойынша салық органдарымен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама  қойылады;

орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтар бойынша - камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама.

          Салық есептілігінде бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге мәліметтер үшін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жіберіледі.

          Жоғарыда көрсетілген ережелер тәуекелдің болмашы дәрежесі бар бұзушылықтарға қолданылмайды және тәуекелдерді басқару жүйесінде ескеріледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші, ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

          Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші анықталған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою, анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық есептілігін табыс ету және қосылған құн салығын қайтару туралы салық төлеушінің талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған бюджетке қосылған құн салығының сомасын төлеу жолымен жояды.

          Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірмелерді, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген салық органына қағаз немесе электрондық тасығышта ұсынады.