Date of publication: 16.04.2019 10:17
Date of changing: 16.04.2019 17:18

2019 жылғы 01 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық Коллегия Алқасының 2018 жылғы 07 ақпандағы № 25 "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуді растау тәртібі туралы" шешімі күшіне енді.

Осы шешімге сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету кеден органының тауарды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің кеден органының ақпараттық жүйесіне жіберілетін кету орны органының электрондық хабарламасымен- "электрондық растаумен" расталады.  

Көрсетілген тәртіп тауарларға арналған декларациялардың қағаз тасығыштарының айналысын болдырмайды және олардың шығару кеден органында расталуын талап етпейді.

Ақпараттық жүйеден алынған мәліметтер негізінде шығару кеден органы декларантқа немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкету туралы ақпаратты жібереді.

         Салық кодексінің 152 бабының 5-тармағына сәйкес, қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде тауарлар экспорты жағдайында, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорт кедендік рәсімі бойынша әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

ЕЭК Алқасының №25 шешімінің қабылдануына байланысты, тауарларды нақты әкетуді кеден органы "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі арқылы растайды, экспортты растау жөніндегі модуль 2018 жылдың қазанынан бастап іске асырылды.

Бұл ретте, Салық Кодексінің 386-бабының 4-тармағына сәйкес, салық органдарының ақпараттық жүйелерінде тауарларды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация, сондай-ақ тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады.

Электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларация болған жағдайда, нақты әкетуді растайтын қағаз көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.