Date of publication: 12.12.2018 19:58
Date of changing: 12.12.2018 19:59

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезеңі болып  күнтізбелік жыл табылатынын хабарлайды. Бұл ретте патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салықтық кезең шегінде кемінде бір ай қолданылады. Салық төлеуші патенттің құнын төлеуді есеп-қисап ұсынылғанға дейін жүргізеді.

         Салық кодексінің 685 бабының 2-тармағына сәйкес, патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолданған жеке кәсіпкерлер кезекті патентті алу үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін тұрған жеріндегі мемлекеттік кірістер органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.

         Күнтізбелік жыл 31 желтоқсанда аяқталатынын ескере отырып және 2019 жылға арналған патент құнының есеп-қисабын ұсыну мерзімінің бұзылуына жол бермеу мақсатында патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын барлық жеке кәсіпкерлерді 31 желтоқсанды күтпестен ағымдағы жылдың желтоқсан айы ішінде келесі жылға патент құнының есеп-қисабын ұсынуды сұраймыз.

           Сонымен қатар, 2019 жылға арналған "патент құнын есептеу" 911.00 салық есептілігінің электрондық нысаны жарияланып, сондай-ақ СЕӨЖ клиенттік қосымшасында осы нысанды пайдалануға дайын екендігіне  назар аударамыз.