Date of publication: 20.09.2018 11:07
Date of changing: 20.11.2018 10:59

Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Алматы облысы бойынша ІІД аудандық ішкі істер бөлімшесімен бірлесіп, жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою бойынша жұмыс жүргізуде.

Осыған байланысты, жолаушылар мен багажды, таксимен тасымалдау саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер ретінде өз еркімен тіркелуді сұраймыз. ЖК ретінде тіркелу тегін жүргізіледі.

Түсіндіру жұмысы аясында жергілікті атқарушы органдардың, жүргізушілер одағы мен диспетчерлік такси қызметінің өкілдерін тарта отырып, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мәселелері бойынша кеңес алу үшін азаматтар Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Талғар қаласы, Бокин көшесі,30 мекен-жайы бойынша немесе 8 /727/ 295 63 44 телефоны арқылы хабарласа алады.