Date of publication: 17.09.2018 15:59
Date of changing: 17.09.2018 16:03

 «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының жеңімпаздарын  марапаттау шарасы өткізілді.

Шілде мен тамыз айында жүлделі сыйлықтардың иегерлері Асанова Гүлім Маратқызы, Воропаев Алексей Витальевич, Воронцова Наталья Витальевна, Күшербаев Мырзабек Ақылбайұлы және Құрманғали Ұлан Аманғазыұлы.

Мамырдың 21 басталған Акция қарашаның 30 дейін жалғасуда.

Акцияға өздері тұтынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін берілген фискалды түбіртектің фотосын «Wipon» қосымшасы арқылы жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

Ол үшін, App Store немесе Play Market арқылы өздерінің смартфондарына «Wipon» мобилдік қосымшасын енгізіп, және осы қосымшаның көмегімен фискалдық түбіртекті суретке түсіріп, жіберу қажет.

Акция ең алдымен біздің құқықтарымызды тұтынушылар ретінде  қорғауға бағытталған, күнделікті біз түрлі тауарларды сатып аламыз, ұсынылған жұмыстардың, қызмет көрсетудің тұтынушылары болып сол үшін біз қолма-қол ақша төлейміз.

Сатушылардан түбіртек талап ету арқылы біз өзімізді сапасыз тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді  сатып алудан қорғай аламыз, ал сатушылар болса салық салуға жататын табыстарын жасырып қалу мүмкіндігінен айырылады.

Біздің азаматтық ұстанымымыздың арқасында мемлекет қазынасына әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға, оның ішінде денсаулық сақтауға, білімге, зейнетақыға, жәрдемақы төлеуге салық түрінде қаражат түседі.

Ойын жеңімпаздары ай сайын түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Түбіртектерді қаншалықты көп жіберсеңіз, соншалықты жүлдені ұтып алу мүмкіншілігіңіз артады.

Акцияның бас финалы ағымдағы жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар мен бас жүлде - автокөлік ұтысқа салынады.

Баршаңызды салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға жеке қатысуға, сонымен қатар бағалы сыйлықтарды ұтып алуға шақырамыз.