Date of publication: 13.09.2018 19:04
Date of changing: 20.11.2018 11:04

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардан жер салығы мен мүлік салығын төлеу салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша жыл қорытындысы бойынша жүргізіледі, ал бұрын барлығы жылына бір жыл төлеуді жүргізетін.

2017 жылы жеке тұлғалар бойынша есептелген мүлік салығы мен жер салығын төлеуді 2018 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізу қажет.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын және көлік құралдарына салықты уақтылы төлемегені үшін әкімшілік жауаптылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделмеген. Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептеу көзделген.

Салық берешегі пайда болған кезде мынадай шаралар қолданылады.

Жеке тұлға 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.

Салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органы салық бұйрығын мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

Салық берешегін өндіріп алудың одан әрі шараларын сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу туралы қаулыны борышкер 20 АЕК астам сомаға атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындамаған кезде сот орындаушысы шығарады. Сот орындаушылары Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу туралы қаулы шығарған борышкерлердің тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналастырылады.

Салық берешегін өндіріп алу кезінде сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алу сомасының 25 процентін құрайды. Яғни жеке тұлғаның қосымша шығыстары пайда болады, салық берешегінен басқа жеке тұлға сот орындаушылардың пайыздарында төлеуге мәжбүр болады.

Осыған байланысты, барлық жеке тұлғаларды өткен жылдың берешегін өтеуге, сондай-ақ 2017 жылға мүлік салығы мен жер салығын уақтылы төлеуге шақырамыз.

Салық төлеушілерді Комитеттің интернет-ресурсында салықтарды төлеу бойынша орындалмаған салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ету мақсатында www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисі іске асырылды, ол онлайн-режимде салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.