Date of publication: 29.08.2018 16:56
Date of changing: 29.08.2018 17:15

Бүгінгі күнге дейін республикалық, облыстық және аудандық бюджеттің бар екені белгілі болып келді. Бұлар – үш деңгейлі қаржыландыру жүйесінің құрылымдары. Енді төртінші деңгей арқылы тұрғын саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтердің де дербес бюджеті болады. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетіндігі жайлы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамында нақты көрсетілді.

 Дербес бюджет ауылдық округтер үшін 2018 жылдан бастап енгізіледі. Жаңа бюджет өзімен бірге жаңа міндеттерді жүктейтіні мәлім. 2018 жылға дейін жергілікті билік төртінші деңгейдегі бюджет енгізілетін ауылдық округтер әкімдері аппараттарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің шараларын бірінші кезекте жолға қоймақ. Осы сияқты округтерді сапалы ғаламтормен қамтамасыз ету, кадрлардың сапалық құрамын қайта қарап, білікті мамандармен толықтыру, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет процестеріне және коммуналдық меншікті басқару бойынша білімі жетілген мамандарды шоғырландыру мәселелерді шешуді де кейінге қалдырмаған дұрыс.

Елімізде жергілікті өзін өзі басқару ұйымдарының қаржылық дербестігі үшін бюджеттің төртінші деңгейі енгізіді. Ол салық және салықтық емес түсімдерден құралатын болады.

 – жеке табыс салығы, төлем алынбайтын табыстар(КБК 101202);

  •  жеке тұлғаның және заңды тұлғаның мүлкі (КБК 104102);
  • мен көлігіне салынатын салықтар поселке (КБК 104401, КБК 104402);
  • жеке және заңды тұлғалардың жер салығы (КБК 104302); құралады.

       Біріншіден бұл қаржы Бюджет кодексіндегі он тоғызыншы бағытта айқындалған салалар бойынша игерілетін болады. Маңыз­ды­ларына тоқталып өтетін болсақ, олар – мектепке дейінгі тәрбие ісі, абаттандыру мен көгалдандыру, инфрақұрылымды салу және жөндеу, сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, автокөлік жолдарын қаржыландыру және тағы басқалар

        Екіншіден жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу қазіргі кезде жоқ «Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі» институтын құру қажеттілігін де байқатады.

«Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін қалыптастыру және басқару тәртібі ауданның коммуналдық мүлкіне ұқсас жүзеге асырылатын болады».

Бұл ретте, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншiгiн басқару жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

«Жеке кәсіпкерлердің және

заңды тұлғалардың ақпараттарын

                                                                                                                                                                                                                                                                                               қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі