Date of publication: 18.08.2016 12:23
Date of changing: 18.08.2016 12:26

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс  жариялайды

БСН 900340000058, 040900,Алматы облысы, Қаскелен қаласы, Тәуелсіздікке 10 жыл атындағы  көшесі,54 А, анықтама телефоны:(82771) 2-15-31, факс 2-15-31, электрондық мекенжайы:taxalmaty@mgd.kz, Karasay@taxalmaty.mgd.kz A.Beknazarova@kgd.gov.kz

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс  жариялайды:

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

     C-R-4 санаты мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
      4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
      5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4 

 73 288

99 106

               Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

1.Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  "Жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы"  бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы 20.10.2018 ж. мерзіміне дейін), (1 бірлік) С-R-4  санаты  (№ 03-2-1)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық,техникалық білім.  Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                           Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару.Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау.Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру.Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Тапсырылған құжаттардың орындалу барысын бақылау, оның уақтылы орындалуына жауапкершілік алу, басшылықтың тапсырмасын орындау. Салық төлеушілерді тіркеу.Салық төлеушіге тіркеу номерін (РНН) беру және оны ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіміне енгізу.Тіркеу есебінен шығаруға және қоюға өтініштерді қабылдау, салық төлеушінің куәлігін, мемлекеттік тіркеу куәлігін беру жұмыстарын қадағалау және тіркеу есесбіне қою туралы растау қағазын беру. БКМ-ын фискальдау және фискальдық есептілікті шығарып алу жұмысын жүргізуді, БКМ-ның есебін жүргізу туралы журнал жүргізуді,  қосылған құн салығы бойынша есепке қою және қызметтің жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді есепке алуды бақылау.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.                                                                                                                                                                                                    

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040900, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Тәуелсіздікке 10 жыл атындағы  көшесі,54 А үй.

 

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен бастап 03 жұмыс күн ішінде.

 

Құжаттарды қабылдау 3 жұмыс күн ішінде,   2016 жылғы тамыздың   18 - нен бастап 22-ші тамызды қоса алғанда.

 

 

«Б» корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасу
конкурсынақатысуғажіберуіңіздісұраймын. Мемлекеттікәкімшілік
лауазымдарғаорналасуға конкурс өткізужәне конкурс комиссиясын
қалыптастыруқағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, олармен
келісемінжәнеорындауғаміндеттемеаламын.
      Ұсынылыпотырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.

      Қосаберілгенқұжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекенжайыжәнебайланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болғанжағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.