Date of publication: 04.11.2020 10:08
Date of changing: 04.11.2020 10:08

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес    қоғамдық қатынастардың оқшауланған салалары үшін (салықтық және кедендік әкімшілендіру) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) әзірленді және бекітілді.            

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері:

1) қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарларын болдырмау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қағидаттары заңдылық, әдептілік, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау, мүдделер қақтығысына жол бермеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-қимылдар салынған:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау кезінде;

4) тіршілік-тынысының тиісті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қатынастар кезінде жүзеге асырылады.

Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін адамдар мынадай мінез-құлық (іс-қимылдар) ережелерін сақтауы тиіс.):

- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;

- адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, сыпайылық және әдептілік көрсету;

- өздері қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, сын үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өз қызметін жақсарту үшін пайдалануға жол бермеуге;;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;;

- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;;

- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.