Date of publication: 21.10.2020 15:25
Date of changing: 21.10.2020 15:25

«Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді» мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге салықтық өтінішті ​ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №160 «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығының 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтініші бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен осындай өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді электронды түрде ұсынады.