Date of publication: 19.05.2016 15:13
Date of changing: 19.05.2016 15:33

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

БСН 020740001551, 041000, Алматы облысы, Қаратал ауданы,Үштөбе  қаласы, Абылайхан көшесі, 14, анықтама телефоны: (872834) 2-14-04, факс 2-17-86, электрондық мекен жайы: Aerbolganova@taxalmaty.mgd.kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, 2016 жылдың 19 мамырынан 2016 жылдың 01 маусымын қоса есептегенде.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 041000, Үштөбе  қаласы, Абылайхан  көшесі, 14 үй.

            Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не«Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.                

1.Заңды тұлғаларды әкімшілендіру  бөлімінің  бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты (№03-2-3).

            Функционалдық  міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасау. Электронды пошта, желілер әкімшілігін жүргізу, вирусқа қарсы бағдарламаны білу, деректер қорымен жұмыс жасау. Салық төлеушілерден салық заңдылықтарын түсіндіру мәселелері бойынша түскен сұрақтарға  жауаптар дайындау.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемде мәселелері жөнінде түсініктеме хат дайындау.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.  

 Негізгі талаптар:  Экономикалық, құқықтық жоғарғы білім.

 Лауазымдық қызметақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2. Есептеу,талдау  және ақпараттық технологиялар  бөлімінің  бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты (№ 04-2-1).

                Функционалдық  міндеттері: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін талдау  және есебін жүргізу, салық және бюджетке түсетін төлемдердің түсуі туралы салық органының мәліметтерін Қазынашылық басқармасымен салыстыру.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 Негізгі талаптар:  Экономикалық, құқықтық жоғарғы білім.

 Лауазымдық қызметақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

3.Өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру  бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік № 05-2-1

Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау. Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау,әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысу;  өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу;өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып білу; аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау; өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.

Негізгі талаптар:  Экономикалық, құқықтық жоғарғы білім.

 Лауазымдық қызметақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________
(мемлекеттік орган)  

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                                             _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына

3-қосымша

 

Фотосурет орны
(4х6)

САУАЛНАМА

(Өз қолымен толтырылады)
                       

  1. Тегі_________________________________________________

Аты ____________________________________________________

Әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________

2. Азаматтығы__________________________________________

Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз________________________

3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________________________________________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз ______________________________________________________
Болған елiңiз _____________________________________________________
Болған уақытыңыз ______________________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ______________________________________________________

5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________________

6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан

айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн ______________________________________________________

7. Сіз мынадай:

1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;

2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала

асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба ______________________________________________________

8. Тілдерді білуі: ______________________________________________________

9. Мекенжайы және байланыс телефоны ______________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

 

______________(жеке қолы)

 «___»_________________ 20..... ж.

                                                                                                                          (толтыру күні)