Date of publication: 12.05.2016 18:59
Date of changing: 12.05.2016 19:02

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

жариялайды

 

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

С-О-5 санаты үшін:жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

                    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3\         C-О-5

83282

112431

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі,113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: e.nugmanova@kgd.gov.kz. g.beisekbay@kgd.gov.kz

 

1. Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 25.02.2017 ж дейін), С-О-5 санаты, № АРБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Кадр бірлігін іріктеу,орналастыру, штат кестесін  дайындау. Орындаушылық тәртібінің жай -күйін талдау. Бос лауазымдық орындарға орналастыру  және арнайы тексеруден өту үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.  Кадр жөніндегі жылдық және тоқсандық есептілікті жасау. Арнайы тексеруден өткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР-ның Бас прокуратурасы құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетің Алматы облысы бойынша басқармасына  жаңа қабылданған қызметкерлердің құжаттарын дайындау.Аттестация, біліктілік байқауларын өткізуге керекті құжатар дайындау. Бос лауазымдық орындарға құжаттар дайындап хабарлама беру. Құпиялық тәртіпті сақтауды бақылау. Жыл сайынғы еңбек демалысы кестесін дайындау. "Е-Минфин" ақпараттық системасына мәліметтер енгізу. Бұйрықтар жазу.  Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу .

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы  (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 29.12.2018 ж дейін),  С-О-5 санаты, № ҰҚБ 1 -2-2

Қызметтік міндеттері:  Бухгалтерлік және шаруашылық операцияларын уақытыл  бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіп, бухгалтерлік есепті құрастырып, мәлімет,жедел ақпараттарды құрастыру, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мен дұрыстығына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулер есебінде бекітілген шығыс бойынша мақсатты пайдалануға, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарға, кеңсе тауарларына, бланк өнімдеріне бақылау жасау.  Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарының міндеттемелері мен төлемдерінің есеп-қисап беру кезеңіне сай бюджет қаржысының шығысының орындалуын қадағалау.  Мемлекеттік сатып алынатын тауарлар,жұмыс және қызметтің көлемі мен номенклатурасын қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіріп, талдап, болжауды жүзеге асыру. Тауарды жеткізуге, жұмыс пен қызмет көрсетуге  кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарт жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің  бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 17.06.2018 ж дейін),  С-О-5 санаты №МҚКБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері:  Тексеру актілерінің ескертпелері  бойынша салық төлеушілердің шағымын қарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.  Техникалық сабақтың жоспары мен көпшілік-түсіндірме жұмысы бойынша есептілік дайындау.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.Салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық салық салу мәселелері бойынша ҚР ҚМСК-нің жүргізетін салықтық тексерулеріне қатысу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу.Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

Құжаттарды қабылдау соңғы шыққан хабарландырудан кейін бес жұмыс күні ішінде,  2016 жылдың 12 мамырынан 2016 жылдың 18 мамырын қоса есептегенде жүргізіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________
(мемлекеттік орган)  

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                                             _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.