Date of publication: 11.08.2020 10:00
Date of changing: 11.08.2020 10:06

2020 жылдың 1 қазанынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы                             26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 қазанынан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.

Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.

ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:

ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стенде https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/  қол жетімді.