Date of publication: 07.08.2020 10:32
Date of changing: 07.08.2020 10:33

Түбіртекті  талап етіңіз - миллион ұтып алыңыз!

Алматы облысында  сәтті ұтыс иегерлері 468 жеңімпаз!

Телефон теңгерімін толтыру арқылы жылдам жүлделердің иегері болға асығыңыз!

 

Алматы облысы бойынша МКД "Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы 2020 жылдың 1 тамызында қорытындылады.
Алматы облысының 468 қатысушы «Түбіртекті талап етіңіз - сыйлық ұтып алыңыз!» Акциясының жеңімпаздары атанды.
Қатысушылардың 515 түбіртегі жеңіске жетіп, кейбір қатысушылар бірнеше түбіртек жолдап және бір қатысушы 10 түбіртекпен жеңіске жетті. Ол телефон бірлігін 10 есе тегін толтыра алды.
Сонымен, Алматы облысының 468 тұрғыны сәттілікке жетіп, науқанға қатысып, оны ұтып алу арқылы телефон теңгерімін 5000 теңгеге дейін толықтырды.
Олардың ішінде 72 жеңімпаз - Талдықорған қаласының тұрғындары, 66 жеңімпаз – Іле ауданында, 55- Талғар ауданында, 53- Қапшағай ауданында, 40-Жамбыл ауданында, 38- Еңбекшіқазақ ауданында, 19 - Алакөлде және басқа аудандарда 2 ден 15 дейін жеңімпаз атанды.
Акция жалғасуда, облыс тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамыз!
"Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алынған тауардың фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізіп, қосымшасын App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алуға болады. Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - бір миллион теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатыса алады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықтайды.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар жүлде иегері, яғни бір миллион теңгені ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Барлығына сәттілік тілейміз!