Date of publication: 09.06.2020 15:22
Date of changing: 09.06.2020 15:24

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі

 

р/р

Тауардың атауы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні

1.

 Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2020 жылғы 1 қаңтар

2.

 Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті мен алкоголь өнімі

2020 жылғы 1 шілде

3.

 Өндірілуі мен айналымы "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi

2020 жылғы 1 шілде

4.

 Өндірілуі мен айналымы "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері

2020 жылғы 1 шілде

5.

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады (осы тізбесінің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа)

2021 жылғы 1 қаңтар

6.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2020 жылғы 1 шілде

7.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2020 жылғы 1 шілде

8.

Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар

2021 жылғы 1 қаңтар

9.

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады, және мұндай тауарларға электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қоймасы" модулі арқылы жазып беріледі

2020 жылғы 1 шілде

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына 1-қосымша